АвтоВАЗ Қазақстандағы өндірісін кеңейтті

Артур Мискарян Артур Мискарян
12309

Өскеменде Лада Веста, XRay, Ларгус және лифтбек Granta жеңіл көліктер шығарыла бастады.

АвтоВАЗ Қазақстандағы өндірісін кеңейтті

Өндірісті іске қосу алдында "Азия Авто" зауытында өндірістің Renault-Nissan-АвтоВАЗ стандартының сапасына сәйкестігі тексерілді. Жеңіл көліктердің алғашқы партиясы зауыт сынағынан өтеді де, содан кейін ғана елімізде жиналған жаңа жеңіл көліктер саудаға шығарылады.

Atameken Business арнасы бұған дейін ресейлік автоөндірушінің Қазақстанда жиналған жаңа жеңіл көліктері желтоқсан айының соңында саудаға шығады деп жазған болатын. Қазірдің өзінде "Азия Авто" зауытында Lada 4x4, седан Lada Granta және әмбебеап Lada Kalina жеңіл көліктері шығарылып жатыр.

Өскемендегі өндірісті ашқан "АвтоВАЗ" басшысы біздің нарық ресейлік автоөндіруші үшін маңызды екендігін атап өтті.

"Бүгінгі оқиға біз үшін өте маңызды. "АвтоВАЗ" зауытынан шығарылған жаңа көліктер Ресейде танымал. Қазақстан – LADA-ны экспортқа шығаратын №1 ел. Өскеменде шығарылатын Vesta және XRAY көліктері, Lada-ның халықаралық стандарттардың қатаң талаптарына сай келетін жеңіл көлік екенін әлі-ақ дәлелдейді. Өскеменде өндірісті дамыту – зауыттың экспорт саясатындағы мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр", – дейді "АвтоВАЗ" президенті Николя Мор.

Еске сала кетсек, Өскемендегі зауыт әлі де салынып жатыр. 2018 жылдың соңына қарай зауыттың 50 пайызы іске қосылып, жартылай жұмыс істей бастайды.

"Біз "Бипэк Авто"-дағы серіктестермен өндіріске тартылған экспаттар санын талқылаймыз. Әрине, өндірістің қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін өзіміздің мамандарымызға қолдан келген барлық қолдауды көрсетеміз", – деді Николя Мор қазан айында Астанада өткен баспасөз конференциясында.

"Бипэк Авто – Азия Авто" КТ директорлар кеңесі төрағасының айтуынша, "АвтоВАЗ" жаңа моделін шығару – 2017 жылы біздің авто нарығымызды қалыпқа келтіреді.

"Осы жыл "АвтоВАЗ" бен "Бипэк Авто – Азия Авто" серіктестігі тарихындағы ең бір маңызды жыл болғанын айтқымыз келеді. Бүгінгі келтірілген мысалдарды қоса алғанда, жеңіл көліктің 6 моделін ұсынып отырмыз. Дәл осылар Қазақстан нарығындағы Lada-ның нығаю позициясын жаңа белеске көтереді. Нақ осыларды өндіру – 2017 жылы Қазақстан автоөнеркәсібін қалыпқа келтірудің ең басты драйвері", – дейді Анатолий Балушкин.

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" ЗТБ мәліметіне жүгінсек, "АвтоВАЗ" 2015 жылы Қазақстанда 24,5 мың жеңіл көлік сатқан. Бұл – елдегі жеңіл көлік нарығының 28%-ы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу