banner

Бас бапкер тұрақтамаған "Барыс"

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2293

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының негізін қалайтын Астана клубы 18 жылда 19 рет бас жаттырушысын ауыстырды.

Бас бапкер тұрақтамаған "Барыс"

Қазақтың "Барысына" бас бапкер тұрақтамай қойды. Негізі, бұл клуб 1999 жылы 26 қарашада құрылған. 2000 жылдан бастап Қазақстан чемпионатында бақ сынай бастады. Осы 18 жылда 19 рет бас бапкер ауыстырды! Команда тізгіні кейбір жаттықтырушыларға бірнеше рет ұстатылды...

"Барыс" 2008/2009 жылдар маусымынан бері Ресейдің халықаралық "Құрлықтық хоккей лигасында" өнер көрсетіп келеді. Осы тоғыз маусымда 12 маман "Барыстың" бас бапкері болды. Аз ба? Оны өздеріңіз пайымдай жатарсыздар...

2009 жылдан бері "Барысты" екі жыл қатарынан жаттықтырған маман жоқ! Астана клубы бас бапкерін маусым сайын айырбастайды. 2015 жылы бір маусымда үш бапкер ауыстырды. Нәтижесінде ҚХЛ додасында тұңғыш рет плей-оффқа іліккен жоқ.

Енді бір мәселе, "Барыс" әр түрлі себептермен қызметінен кеткен, бірақ аса жоғары нәтиже көрсете алмаған жаттықтырушылардың қолына қайтадан тізгін ұстатып, сенім артып жүр. Осылай еліміздің бас командасына кейінгі жылдары А.Шаянов, А.Назаров және Е.Корешков сынды бапкерлер екінші рет бас бапкер болу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен кейбір жаттықтырушылардың екі рет бас бапкер болып тағайындалғандарын ескерсек, 18 жылда 14 адам "Барыстың" тізгінін ұстаған. Негізі, олардың ішінде екеуі "Барысты" жеңіске жетелей алды. Алайда Ари-Пекка Селин де, Эдуард Занковец те, Астана клубымен өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, ҚХЛ-да плей-офф додасының екінші сатысына шыққандарымен, екеуі де Қазақстан ұлттық құрамасын өрге сүйрей алмады. Екеуі де әлем чемпионаттарында сәтсіздікке ұшырап, қызметтерінен кетуге мәжбүр болды.

Иә, құрылғанына 18 жыл өтсе де, ҚХЛ-да тоғыз маусым ойнаса да, "Барыс" әлі бас бапкерін таппаған сияқты. Маусым сайын жаттықтырушысын айырбастай бергеннен нәтиже бола ма? Шайбалы хоккейдегі қазақты бас командасының аты аталғанда, көз алдымызға кім келеді?! Бүгін бар, ертең жоқ, шетелдік легионерлер ме?! Ойлану керек секілді...

"Барыс" хоккей клубының 2000-2017 жылдар аралығындағы бас бапкерлері:

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу