Батыр Жүкембаев Мексика боксшысын сұлатты

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
4412

Соққысы қуатты қазақ боксшысы Мексика майталманы Патрисио Мореноны техникалық нокаутпен жеңді.

Батыр Жүкембаев Мексика боксшысын сұлатты

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр Жүкембаев 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Ол бүгін таңертең Квебекте (Канада) өткен айқаста Мексиканың тәжірибелі боксшысы Патрисио Мореноны (20-2, 14 KO) екі рет есеңгіретіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Әрі өзінің "нокаутшы" деген лақап атын тағы да іс жүзінде дәлелдеп, 12-ші жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады.

10 раундқа созылған жекпе-жек өте қызықты басталды. Морено да осал емес екен, бірінші ранудта Батырды нокдаунға түсірді. Бұл – қазақ боксшысының бірінші рет есеңгіреп, төрешінің есеп ашқанын көруі. Әйтсе де, жігерлік танытып, қарсыласына ауыр соққыларын дарыта білді. Сөйтіп, Мексика майталманын да техникалық нокаутпен жеңді.

Әуелі екінші раундтың аяғында есінен тандырып, сұлатып салды. Содан соң жетінші раундтың аяғында Мореноны бауырынан ұрып, жер бауырлатып құлатты. Жеңіс! Батыр 14-ші рет жеңіске жетіп, соның 12-ісін нокаутпен аяқтады. Әлі жеңілістің кермек дәмін татып көрген жоқ. Ал Морено осымен үшінші рет ұтылып отыр.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу