Биыл 32 мың адам жұмыссыз қалмақ

Мемлекет өнімді еңбекпен қамту бағдарламасына 100 млрд теңге бөлмекші, алайда «Қазмырыш» ЖШС және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен арада жол картасы әлі жасалған жоқ.

15 Мамыр 2018 12:25 Автор: Данияр Сериков
Биыл 32 мың адам жұмыссыз қалмақ, Eurasian Resources Group   , еңбек нарығы, жұмыс орны, қысқарту, жұмысқа орналастыру, Қазмырыш, АрселорМиттал Теміртау

Eurasian Resources Group (ERG) 2025 жылға дейін 4,5 мың жұмыс орнын қысқартпақшы. Бұл туралы abctv.kz-ке Еуразиялық топтың баспасөз қызметі мәлім еткен болатын. Оның ішінде 468 жұмыскерге жұмысты сыртқы нарықтардан іздестіруге тура келеді. Корпорациядағы жұмыстан босатылған жұмыскерлер қайта оқытылып, топтың өз ішінде басқа жұмысқа ауыстыру көзделуде.

Осы тұста айта кетейік, Eurasian Resources Group мәліметі бойынша, оның Қазақстандағы кәсіпорындарында 60 мыңдай адам еңбек етеді екен.

Еңбеккерлердің жұмыстан ықтимал босауына байланысты еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер тау-кен-металлургия компаниясы босатқан жұмыскерлерді жұмыспен қамту үшін бірқатар шараларды қарастыруда, деп мәлім етті abctv.kz-ке еңбек министрлігінің халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы Әлім Байсақалов.

Байсақалов өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша ықтимал тетіктердің арасында жұмыскерлерді қайта даярлау, субсидияланатын жұмыс орнындарын ұйымдастыру, ерікті қоныс аударуға ықпал ету және, тіпті жұмыстан босаған қызметкердің өз жеке кәсібін ашуына шағын несие беру бар екенін атап өтті.

Мемлекет қайта даярлау барысында шығыстардың 70%-ын төлеуге дайын. Сонымен қатар бюджеттен уақытша әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялауға қаражат бөлінбекші. Яғни жұмыс берушілер оның аз бөлігін ғана төлейтін болады. Жалпы алғанда мемлекет өнімді жұмыспен қамту бағдарламасына жыл сайын 100 млрд теңгеге дейін қаражат қарастырмақшы, деп атап өтті мемлекеттік қызметші.

«Дәл осындай жол картасына бүгінгі таңда ERG және «Қазақмыс»-пен арада қол қойылды. Ол бойынша жұмыстан босаған жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру, қажет болса қайта оқыту жөнінде шараларды, сондай-ақ аталған жұмыскерлерді еңбек нарығына шығарып тастауға және оны мемлекет тарапынан назардан тыс қалдыруға жол бермейтін шараларды қарастырады. Себебі олар білікті жұмыс күшін құраушылар. «Қазмырыш»-пен және «АрселорМиттал»-мен жұмыс әлі жүргізіліп жатыр, арада пікір қайшылықтары бар, дегенмен жақын арада қалған екі жол картасы да жасалады деп ойлаймыз», – деді еңбек министрлігінің өкілі.

Жалпы алғанда ведомство былтыр түрлі саладағы 10 мыңдай кәсіпорында сауалнама жүргізді. Олардың 84%-ы жұмыскерлерін қысқартуды жоспарлап отырған жоқ. Әйтсе де биылғы жылдың соңына дейін еліміз бойынша 32 мыңдай адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

Ал 30 мың еңбеккері бар «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық компаниясында есейген мамандар саны артып кеткен, деп келтіреді мәліметті еңбек министрлігі.

«АрселорМиттал Теміртау» бойынша айтар болсақ, онда жұмыскерлердің зейнеткерлікке кету қаупі бар, бұл тіпті жұмыстан босап қалуынан да қауіптірек. Біздегі дерек бойынша, 2025 жылға дейін зейнеткерлікке кететіндер қатар бар, ал тау-кен өнеркәсібі секілді қиын өндірісте жұмыс істегісі келетіндер аз, сондықтан мамандар жасының ұлғайып кетуі мәселеге айналып отыр. Жастар бұл салаға баруға құлықты емес, ал ересек жұмысшылардың орташа жасының өзі, мәселен «АрселорМиттал Теміртау»-ды алып қарайтын болсақ, бүгінде 44 жасты құрайды. Алдағы бес-жеті жылда 6,5-7 мың жұмыскер зейнет жасына байланысты жұмыстан босатылмақшы. Бұл дегеніңіз, бүгінгі таңда аталмыш корпорацияларда, кәсіпрындарда, ЖШС-ларда босаған жұмыскерлерді қайда орналастырамыз деген емес, жаңа жұмыскерді қайдан аламыз деген мәселе өзекті болып отыр», – деп түйін жасады Байсақалов.

2025 жылы «АрселорМиттал Теміртау»-дың жұмыскерлер құрамы, оның еншілес кәсіпорындарында еңбек ететіндерді қоса алғанда 23,9 мың адамды құрап, ондағы 17,5 мың адам бас компанияда жұмыс істейтін болады, деп болжайды ведомство. Кәсіпорында маман тапшылығы сондай-ақ бірқатар жұмыскердің қолайлы әлеуметтік жағдай қарастырылған әрі зейнеткерлікке ерте шығаратын Ресейге қоныс аударуымен байланысты болып отыр, деп санайды еңбек министрлігінің өкілі.

Байсақаловтың abctv.kz-ке берген материалдарына зер салсақ, 2018-2022 жылдары «АрселорМиттал Теміртау» шойын балқытушы, тазалау кенжарының кеншісі, үңгуші, жарушы, жер асты электр слесарі секілді мамандықтар бойынша қосымша жұмыс күшіне зәру болуы мүмкін. Жол картасы аясында жаңа мамандар дайындау мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі Теміртау политехникалық колледжін, Қарағанды политехникалық колледжін және Қаражал тау-кен-техникалық колледжін «АрселорМиттал Теміртау»-тің бірлесе басқаруына беруді қарастырып жатқан көрінеді.

«АМТ»-дан басқа, «Қазмырыш» та қосымша жұмыс күшіне мұқтаждықты сезбекші. 2020 жылы мырыш компаниясына 210 адам қажет болады, делінеді еңбек министрлігінің материалдарында. Дегенмен «Қазмырыш» жол картасы шеңберінде дербес оқу орталықтарында жұмыстан босаған мамандарды қайт даярлау курстарында оқыту құнының 30% көлемінде бірлесе қаржыландырмақшы екенін ведомство таратқан мәліметтен ұқтық.

Гүлназ Ермағанбетова, Данияр Серіков