Биыл құрылыстың өзіндік құны арзандады

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
9128

Үлескерлік құрылыстың дамуы үй бағасына әсер етті.

Биыл құрылыстың өзіндік құны арзандады

Соның ішінде жеке құрылыс компаниялары салаға инвестицияны 29 пайызға ұлғайтса, үй салушы қарапайым тұрғындардың салаға салған қаражаты 41 пайызға көбейді.

Нарықта сұраныстағы азаматтардың төлем қабілеттілерінің саны да ұлғайып келеді. 2018 жылдың қаңтар-қараша аралығында үй саудасы бойынша 243 келісімшарт жасалған. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 10 пайызға артық.

Сұраныстың артуына ипотека нарығының да жандана бастауы түрткі болды. Былтырғымен салыстырғанда биыл ипотекамен үй алғандар саны 17 пайызға көбейді.

Жалпы, алдағы жылы халықтың төлем қабілеті артып, нақты сұраныстың ұлғаятыны болжанып отыр. Оған дәлел жанама факторлар. Мәселен, халықтың банктердегі жинақ қаражаттары ұлғайды. Жеке тұлғалардың салымы 4 пайызға артқан, ал төлем карталарындағы айналым ақша 40 пайызға көбейген. 

Баспана нарығының басты арналарының бірі үй құрылысына халықтың үлескерлік қатысуы. Халықтың ақшасын пайдалана отырып құрылыс компаниялары пайызсыз қарыз алып, бұл өз кезегінде тұрғын үйлердің өзіндік құнының төмендеуіне ықпал етеді. Соңғы жылдары осы саладағы заңнаманың жетілдірілуі мен тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының жұмысы халықтың үлескерлік әдіспен үй алу көрсеткішін көбейтсе, бұл өз кезегінде үйлердің өзіндік құнын айтарлықтай арзандатпақ.

Құрылыс саласы негізінен халықтың үлескерлік қаражаты және мемлекеттің инвестициямен салынып жатқан кезінде сырттан инвестиция салушылар айтарлықтай азайып кетті. Соңғы бір жылда құрылыс саласына қарызға берілген қаражат 166 млрд теңгеге дейін төмендеп кетті.

Жалпы, Қазақстан бойынша бизнестің инвестициялық портфелінде өзіндік қаражат 73 пайыз айналасында болса, құрылыс саласында бұл көрсеткіш 90 пайызды құрайды. Бұл кезекті рет алдағы жылы құрылыстың негізгі қаражат көзі үлескер халық болатынын көрсетеді. Қалай дегенде де, қазірдің өзінде үлескерлік құрылыстың артуы құрылыс құнының өзіндік бағасын айтарлықтай төмендетті.

2017 жылмен салыстырғанда республика бойынша баспана құрылысының өзіндік құны 109,8 мыңнан 103,5 мыңға, яғни 6,3 пайызға түсті.

Құрылыстың өзіндік құны ең көп арзандаған қала Алматыдағы көрсеткіш 26,4 пайыз болса, одан кейін Атырауда облысында 13,9 пайыз, ал Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында құрылыстың өзіндік құны бір жылда 6-9 пайыз аралығында төмендеген. Астанадағы көрсеткіш бар болғаны 0,4 пайызға азайып отыр. Есесіне ШҚО, Алматы облысы мен БҚО-да құрылыстың өзіндік құны бір жылда тиісінше 39,3 пайыз, 21,9 пайыз және 15,8 пайызға күрт көтерілген.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу