RU KZ
TV
RU KZ
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33 KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-1Астана
-2.23Алматы
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38
Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33
KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Биыл оралмандарға қанша квота бөлінді

Биыл оралмандарға қанша квота бөлінді

Оралмандар мен қоныс аударушыларға бөлінген өңірлік квота саны белгілі болды.

Биыл оралмандарға қанша квота бөлінді, оралман, қоныс аударушылар, өңірлік квота, көші-қон

559 10 Қаңтар 2019 11:37 Автор: Фархат Әміренов

Үкімет қаулысына сәйкес, 2019 жылы шекара асып келген 2 103 адамға өңірлік квота беріледі. Ал қоныс аударушыларға арналған өңірлік квота саны 7 771 адамға шақталған.

Былтыр үкімет 622 оралман отбасына, сондай-ақ қоныс аударушы 1 706 отбасына өңірлік квота қарастырған еді.

Еске сала кетейік, оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдайтын өңірлер үкімет қаулысымен айқындалған. Осыған орай оралмандар 7 облысқа қоныстана алады. Атап айтқанда, шет елден қоныс аударған қандастар Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарын мекендеуге тиіс.

Сонымен қатар қоныс аударушылар үшін Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары таңдалып алынған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми мәліметіне сүйенсек, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанға 7 162 отбасы немесе 11 617 этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алды.

Оралмандардың көбі, яғни 47,9 пайызы Өзбекстаннан көшіп келген. Сондай-ақ 40,4 пайызы – Қытайдан, 3,8 пайызы – Моңғолиядан, 2,9 – пайызы  Түркіменстаннан, 1,3 пайызы – Ресейден  және 3,7 пайызы басқа елдерден қоныс аударған.

Оралмандардың көп бөлігі, яғни 32 пайызы Алматы облысына қоныстанған. Көшіп келгендердің 18,1 пайызы – Түркістанды, 10,9 пайызы – Маңғыстауды, 9,4 пайызы Астана қаласын таңдаған.

Көшіп келгендердің 63,9 пайызы еңбекке қабілетті адамдар. 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі – 63,9 пайыз. Оралмандардың 9,2 пайызын зейнеткерлер құрайды.

Еңбекке қабілетті оралмандардың 15 пайызы жоғары білімді. 26 пайызының арнайы орта білімі бар. Жалпы орта білімі бар жандардың үлесі – 53 пайыз. Сондай-ақ 6 пайызының білімі жоқ.

Фархат Әміренов

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK

Таңдаулылар