banner

Биыл "Самұрық-Қазына" компаниялардың дамуына 121 млрд теңге қаражат құяды

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
3079

Қор 2021 жылдың соңына дейін аяққа енді тұрып келе жатқан компаниялардың дамуына 273 млрд теңге қаражат салмақ.

Биыл "Самұрық-Қазына" компаниялардың дамуына 121 млрд теңге қаражат құяды

Аbctv.kz-ке белгілі болғандай, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесі мемлекеттік холдингтің 2017-2021жылға арналған даму жоспарын бекіткен.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесі мемлекеттік холдингтің 2017-2021 жылға арналған даму жоспарын бекітті. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" АҚ-тың 2017-2021 жылға арналған даму жоспары – стратегиялық құжат. Онда қор стратегиясын іске асыру мақсатындағы орташа мерзімді келешекте орындалуға тиіс іс-әрекеттер сипатталады. Даму жоспары қор және жалғыз акционер үшін ашық болып табылатын нақты әрекеттерді іске асыру арқылы стартегияның орындалуын қамтамасыз етеді. Даму жоспарына сүйенсек, қор трансформациялау бағдарламасы аясында стартегиялық холдинг және белсенді инвестор үлгісіне көшуін одан әрі жалғастыратын болады", деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

"Самұрық-Қазына" қоры өзіне қарасты компаниялардың стратегиясын орындау бойынша жалпы бағыт пен басшылықты қаматамасыз етіп, стратегиялық активтерді жекешелендіру және ел экономикасына қаражатты қайта инвестициялау арқылы қайта құрады. Қор индустриясының жаңа салалары мен экономиканы жаңғыртуды ынталандыру үшін өсіп келе жатқан компаниялардың дамуына қаржы салады. Жаңа, өсіп келе жатқан компаниялардың дамуына 2017 жылы 121 млрд теңге салынады деп жоспарланып отыр. 2021 жылға қарай инвестициялардың жиынтығы 273 млрд теңгеге жетеді.

Мемлекеттік холдингтің орташа мерзімді мақсаты қазіргі макроэкономикалық және нарық жағдайына, қордың және оған қарасты компаниялардың соңғы кезеңдегі жұмыс нәтижесіне, даму жоспарына, сондай-ақ жалпы ұлттық және іскери басымдығына негізделуде. Қор өзіне қарасты компанияларда ұзақмерзімді құнды құруға қатысты негізгі стратегиялық мақсатын сақтап қалуға жұмыс істейді.

"Самұрық-Қазына" қордың стратегиясын табысты іске асыру үшін негізгі алты бастамаға, яғни өзіне қарасты компанияларды басқаруды жақсарту, жекешелендіру бағдарламасын іске асыру, инвестициялық қоржынды активтерді сату және жою арқылы қайта құру, инвестициялық қоржынды жаңа салаға басымдық жасай отырып дамыту, компанияларды трансформациялау, қордың корпоративті орталығын жаңа функционалды модельге көшіру, қаржылық тұрақтылықты арттыруға көңіл бөледі.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" АҚ-тың жалғыз акционері – Қазақтан Республикасы үкіметі. Қор 2008 жылы президенттің жарлығымен құрылған. Қор коммерциялық құрылым-инвестициялық холдинг болып табылады, оның мақсаты –елдің әл ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. Қор өз мақсатын өзіне қарасты компанияларды тиімді басқару арқылы іске асырып отыр. Қор активі 2016 жылдың 30 қыркүйегіндегі аралық қысқартылған шоғырланған қаржылық есеп жағдайы бойынша шамамен 22 330 млрд теңге болды. "Самұрық-Қазына" АҚ компанияларының тобына мұнайгаз және көлік-логистика секторы, химия және атом өнеркәсібі, тау-металлургия кешені, энергетика, машина жасау және жылжымайтын мүлік кәсіпорындары кіреді.

Жанболат Мамышев 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу