RU KZ
TV
RU KZ
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33 KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-1Астана
2.38Алматы
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38
Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33
KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Бизнестің де, халықтың да теңгеден көңілі қалды

Бизнестің де, халықтың да теңгеден көңілі қалды

Олар қарызды теңгемен алып, ақша жинағанда долларды жөн көреді.

Бизнестің де, халықтың да теңгеден көңілі қалды, банк, несие, депозит, теңге, доллар

1069 26 Желтоқсан 2018 10:47 Автор: Бауыржан Мұқан

Банктердің активі көбейіп, капиталдары азайып кетті
Банк секторының жиынтық активтері 2018 жылдың басынан бері 3,0% ұлғайып, 1 желтоқсанда 24 876,8 млрд теңгені құрады. Активтердің құрылымында ең көп үлесті кредиттер (50,2%), бағалы қағаздар портфелі (19,1%), қолақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттар (15,1%) иеленді.

Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 2018 жыл басынан бері 3,6% көбейіп, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 21 896,3 млрд теңгені құрады. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары (77,4%), айналысқа шығарылған бағалы қағаздар (7,0%), басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар (3,5%) иеленеді. Жиынтық міндеттемелерде банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері 2018 жылдың басымен салыстырғанда 5,6%-дан 5,8%-ға дейін ұлғайды.

2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банк секторының жиынтық меншікті капиталы 2018 жылғы қаңтар-қарашада 1,6%-ға азайып, 2 980,5 млрд теңге болды.

Бизнес доллармен, халық теңгемен ақша жинап жатыр
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2018 жылғы қарашаның соңында алдыңғы аймен салыстырғанда 1%-ға ұлғайып, 17 814,1 млрд теңгені құрады.

Заңды тұлғалардың депозиттері 9 461,6 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 8 352,6 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға өсті.

Ұлттық валютамен депозиттердің көлемі бір айда 9 017,2 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға төмендеді, шетел валютасында 8 796,9 млрд теңгеге дейін 6,4%-ға ұлғайды. Долларлану деңгейі 2018 жылғы қарашаның соңында 49,4%-ды құрады. 2017 жылғы желтоқсанда бұл көрсеткіш 47,7% болған еді.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2018 жылғы қарашада 4 714,4 млрд теңгеге дейін 8,1%-ға төмендеді, шетел валютасында 4 747,2 млрд теңгеге дейін 13,3%-ға өсті, бұл заңды тұлғалардың депозиттерінің 50,2%-ы.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 302,8 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды, шетел валютасында 4 049,7 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға төмендеді, бұл жеке тұлғалар депозиттерінің 48,5%-ы.

Банктер экономиканы несиелеуді қайта күшейтті
Банктердің экономиканы несиелеу көлемі 2018 жылғы қарашаның соңында 12 863,6 млрд теңгені құрады. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 0,7%-ға артық.

Заңды тұлғаларға несиелердің көлемі өзгермей, 7 596,8 млрд теңге болып қалды, ал жеке тұлғалардыкі 5 266,8 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға ұлғайды.

Қайта құрылымдаудан өтетін және лицензиясынан айырылған банктердің несиелік портфелін есептемегенде экономиканы несиелеудің жылдық өсімі 8,1% немесе 942,7 млрд теңге болды.

Ешкім доллармен қарыз алғысы келмейді
Ұлттық валютамен берілген несиелердің көлемі бір айда 9 977,9 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға несиелер 0,8%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға несиелер 1,9%-ға ұлғайды. Теңгемен берілген несие көлемі 2018 жылғы қарашаның соңында 77,6%-ды құрады, 2017 жылғы желтоқсанда бұл көрсеткіш 73,7% болған еді.

Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 2 885,7 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1,4%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 4,1%-ға азайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу өзгерген жоқ, яғни экономикаға берілген несиелердің жалпы көлемінің 18,8%-ы.

Салалар бойынша банктердің экономикаға берген кредитінің ең қомақты үлесі өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі 14,9%), сауда (13,5%), құрылыс (6,3%), көлік (4,7%) және ауыл шаруашылығы (3,9%) сияқты салаларға тиесілі.

Бауыржан Мұқан

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK