Болат Өтемұратов: "Жаңа буынның жеңіске жеткеніне қуаныштымын!"

986

Елімізде балалар арасындағы теннис спорты қарқынды дамуда.

Болат Өтемұратов: "Жаңа буынның жеңіске жеткеніне қуаныштымын!"

Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша теннистен әлем чемпионатының іріктеу турнирі мәресіне жетті. Қазақстандықтар қола жүлде үшін матчта Таиланд құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірді.Алдымен Заңғар Нұрланұлы қарсыласын 7:5, 6:0 есебімен ұтты.

Әмір Омарханов 20 минут ішінде есепті 6:0, 1:0-ге жеткізді. Содан кейін таиландтық ойыншы бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Қазақстан құрамасының теннисшілері:

Әмір Омарханов (Қарағанды), Заңғар Нұрланұлы (Түркістан), Дамир Жалғасбай (Алматы), капитан Сергей Квак, дене шынықтыру жаттықтырушысы Дмитрий Костецкий және ҚТФ "Қазақстан құрамасы" департаментінің директоры Тимур Аққазиев.

Турнир аяқталған соң Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов жасөспірімдердің осынау толағай табысын атап өтіп, салада жасалған жұмыстың нәтиже беріп келе жатқанын жеткізді.

"Бұл қазақстандық теннистің тағы бір жетістігі! Бір апта бұрын 16 жасқа дейінгі құрамадағы қыздарымыз тарихта алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алса, ал қазір ұлдар да бұл белесті бағындырды. Жаңа буынның жеңіске жеткеніне және өз мүмкіндіктерін жүзеге асырып, жоғары ойын деңгейін көрсеткеніне қуаныштымын. Еліміздің екі жасөспірім командасының жетістігі қазақстандық теннистің барлық құрылымының кезең-кезеңімен жұмыс істеуі нәтижесі деп ойлаймын. Іріктеу турнирі барысында біздің жастар көптеген мықты командаларды, соның ішінде жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының алты дүркін чемпионы Аустралия құрамасын жеңді. Мен біздің команданы және оның жаттықтырушыларын әлем чемпионатына жолдама алуымен құттықтаймын, Олар лайықты өнер көрсетеді деп үміттенемін", - деді ҚТФ президенті Болат Өтемұратов.

Осылайша, күзде Испанияның Кордоба қаласында 16 жасқа дейінгі жаспірімдер арасында өтетін Дэвис және Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде алғаш рет қазақстандық қыздар мен ұлдар құрамалары бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу