RU KZ
TV
RU KZ
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33 KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-1Астана
-2.23Алматы
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38
Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33
KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Бонус берілмейді

Бонус берілмейді

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап екінші деңгейлі банктер ағымдағы шотта сақталған ақшаға сыйақы төлеуді тоқтатады.

Бонус берілмейді, Сыйақы, депозит, Ұлттық банк , салымшы, екінші деңгейлі банк, банк карточкасы

710 24 Желтоқсан 2018 11:40 Автор: Абылай Бейбарыс

Биыл 2 шілдеде азаматтық кодекстің 751 бабына өзгеріс енгізіліп, мұндай қаржылық операцияға тыйым салынды. Жоғарыда көрсетілген бапта: «Ағымдағы банктік шотта орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы төленбейді», – деп нақтыланған. Дегенмен қаржы институттарының сыйақы төлеуі ішінара болса да сақталып қалды. Екінші деңгейлі банктер алдын ала жасалған келісімге сәйкес, клиенттерді ынталандыру үшін банк карточкасы арқылы есеп айырысқандарға ғана сыйақы төлейтін болды. Сыйақының мөлшері банк карточкасы арқылы жасалған аударым мен төлемге байланысты болады.

Айта кетейік, таяуда Kaspi.kz 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Kaspi Gold карточкасындағы қалдық ақшаға 10% жылдық сыйақы аудармайтынын ресми мәлімдеді. Ал екінші деңгейлі басқа банктер осы турасында клиенттеріне СМС хабарлама жолдады.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін Аbctv.kz тәуелсіз сарапшы, заңгер Нұржан Биякаевқа хабарласты. Ол: «Банк саласын ілгерілету тұрғысынан алғанда біз кері кетіп барамыз. Естеріңізде болса, биыл елімізде депозит жүйесіне де өзгеріс енгізілді. 1 қазаннан бастап салымшылар үшін мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымы қолданылатын болды. Осы арқылы қаржы институттары клиенттердің ақшаларын басқару құқығын шектеді. Мысалы, мерзімсіз салымдарды кез келген уақытта шешіп алуға рұқсат берілгенмен, оның сыйақысы төмен. Мерзімді салымдардың сыйақысы жоғары болғанмен, депозиттегі ақшаны уақытынан бұрын алсаңыз, сыйақыңыздан айырыласыз. Салымшылар жоғары сыйақыға ақшаларын жинақ салымға орналастырғанда ғана ие болады. Бұл жерде 3 айға арналған сыйақы мөлшерлемесі 12%, 24 немесе 36 айға ашылған депозиттің жылдық сыйақысы - 13,5%. Банктер мұны халықтың ақшасын айналдыру үшін істеп отыр. Соңғы уақытта ел азаматтары ипотекалық қарыз бойынша банк шотын жүргізгені үшін комиссия алған банктерді қыспаққа ала бастады. Яғни екінші деңгейлі банктер сот арқылы клиенттеріне заңсыз алған комиссияларын амалсыздан қайтарып, қазыналарын ортайтып алды. Қазір олар ортайған қазынаны халықтың депозиттегі ақшасы арқылы еселеп алу үшін жанталасып жатыр. Ағымдағы шотта сақталған ақшаға сыйақы төлемеу саясаты да халыққа жаны ашығандықтың белгісі емес», – деді.

Абылай Бейбарыс

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK