Бозымбаев тасқын салдарын жоюға шамамен 200 млрд теңге жұмсалатынын айтты

502

Бүгінде ел аумағындағы су басқан үйлердің 30 пайызына бағалау жұмыстары жүргізілген.

Бозымбаев тасқын салдарын жоюға шамамен 200 млрд теңге жұмсалатынын айтты Фото: sputnik.kz

Тасқын салдарынан баспанасыз қалған отбасыларды тұрғын үймен қамтуға 200 млрд теңге кетуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

"Бірақ бұл нақты есеп емес. Себебі еліміздің бірнеше өңірінде жағдай әлі де тұрақталмады. Сондықтан кетер шығынды тап басып айту әзірге қиынға соғып тұр", – деді вице-премьер.

Бозымбаев 200 млрд кетуі мүмкін деген жорамалдың осы жұмыстардың қорытындысына сәйкес жасалғанын айтты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу