RU KZ
TV
RU KZ
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33 KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-1Астана
-0.23Алматы
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38
Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33
KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
БҰҰ: Аралға донор керек

БҰҰ: Аралға донор керек

Біріккен Ұлттар Ұйымы Арал теңізі аймағын дамыту мақсатында жаңа қорды іске қосып, әлем елдерін оған қаржы аударуға шақырды.

БҰҰ: Аралға донор керек, БҰҰ, Арал теңізі, құтқару, экология

2173 29 Қараша 2018 10:00 Автор: Арыстан Рысбек

Сенім қоры
Сейсенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының  Бас хатшысы Антонио Гутерреш Арал теңізі аймағын тұрақты дамыту үшін жаңа сенім қоры іске қосылатынын жариялады. Және де әлемнің бас дипломаты дүниежүзі елдерін Қазақстан мен Өзбекстан арасында жатқан көлдің айналасында тұрып жатқан миллиондаған адамның жағдайын жақсарту үшін осы қорға қаржы аударуға үндеді.

«Тұрақты даму мақсатына жету қаржыны арттыруды қажет етеді. Сондықтан, мен донор-мемлекеттерді Арал теңізі аймағына арналған Көпжақты адам қауіпсіздігі сенім қорына көмектесуге шақырамын. Бұл фонд кешенді мәселелерді шешуді бетке ұстап, адамдар мен қауымдастықтарға, профилактика мен серіктестікке және өзекті проблемаларға жан-жақты мән бере отырып, адам қауіпсіздігі идеясын жүзеге асыруға тиіс», – дейді Гуттереш.

Сонымен қатар, БҰҰ Бас хатшысы 2017 жылы маусымында Орта Азияға барып, Арал теңізінің тартылып бара жатқанын  өз көзімен көріп, төбесінен жай түскендей күй кешкенін және сол сапарды ешқашан ұмыта алмайтынын атап өтті.

«Мен жойылып бара жатқан Аралды өз көзіммен көрдім. Бұл – заманымыздың ең үлкен экологиялық апаты. Жергілікті халықтан, сарапшылардан естігенім, теңізге жасалған қиянат аймақтың әлеуметтік- экономикалық жүйесін  теңселтіп жатыр. Тіршілік көзі, дәстүрлі өмір салты, болашаққа үміт – бұның бәрі жоғалды », – дейді португалиялық қайраткер.

Кезінде әлемнің төртінші үлкен көлі саналған  Арал теңізі 1960-шы жылдардан бері тартылып келеді. Бұған сол кезде оның арнасын толтырып отырған өзендердің кеңестік ирригациялық жобалар нәтижесінде басқа жаққа бұрылуы себепші. Зерттеулерге қарағанда, 1997 жылға дейін Арал өзінің әу-бастағы көлемінің 90 пайызынан айрылған екен.

Гутерреш атап өткендей, суға сұраныстың артуы, су ресурстарын басқарудың нашарлығы, климаттық өзгеріс әсерлерінің күшеюі жер шарының көптеген бөліктерінде тіршілік нәріне байланысты шиеленістерді өршітіп отыр.

Дипломаттың ескертуінше, Африкадағы Чад көлі аймағындағыдай экожүйенің құлдырауы қауіптің өзге формаларымен астасқанда, су тапшылығы, климаттық өзгеріс, теңсіздік пен экстремизм шешімі күрделі дағдарысқа ұрындыруы мүмкін.

Гутерреш жаңа бағдарламаны «аймақ тұрғындарына арналған жаңа тарау» деп те атады. Ол жариялаған «сенім қоры» – Біріккен Ұлттар Ұйымы қолға алған екінші бастама.  2012 жылы да осы дүниежүзілік орган Адам қауіпсіздігіне арналған сенім қорын құрды. Ол Арал теңізі аймағын дамыту жолында серіктестік пен үйлесімді жоспар құруды және осы бағытта қолға алынған іс-шараларды жүзеге асыру мен оларды қадағалауды көздеді.

Бұл жолы  Арал өңіріне арналған Көпжақты адам қауіпсіздігі сенім қоры теңіздің тартылуынан зардап шеккен адамдарды экологиялық, экономикалық, әлеуметтік және медициналық қауіпсіздік  тұрғысынан қамтамасыз ете отырып, аймақта кедейшілік деңгейін төмендетуді және тұрақты дамуға қол жеткізуді жоспарлап отыр.  

Арал теңізі аймағы үшін құрылған  жаңа қорды қолдау мақсатында халықаралық қаржы институттарымен, донор-мемлекеттермен келісім жасалады.

«Адам планетаны да жоя алады»
Жыл сайын өзегі талған Аралдың табанынан 150 миллион тоннадан астам улы тозаң көтеріліп, желдің екпінімен Азия мен  Еуропа тұрғындарына,  тіпті Арктикаға да жетеді. Гутерреш былтыр Өзбекстанға сапарында мәлімдегендей, «Арал – адамның планетаны жоя алатынына дәлелдеп берді».

Ғылыми деректерге қарағанда, Аралдың құрғауынан зардап шеккендердің саны бүгінде 5 миллионнан асып кетті. Олардың  арасында тыныс алу жолдары ауруына, асқазан, өңеш рагына шалдыққандар мен тіпті соқыр болып қалғандары аз емес.

Қазақстанның қамқорлығы
Аралдың солтүстік бөлігін Қазақстан құтқарғаны белгілі. Еліміз мамандарының осы бағыттағы жұмыстары ең алдымен судың құмға сіңуін тоқтататын «Көкарал» дамбасын салудан басталды. 

Аралдың құрғап қалған бассейні суға тола бастағанда, биологтар оның флорасы мен фаунасын қалпына келтіруге кірісті. Бұл еңбек зая кеткен жоқ: қазір Кіші Аралдың суы көтеріліп, оның құрамындағы тұздың мөлшері азайғаны сонша, онда, керек десеңіз, балық аулауға болады.

Қазақстан қолға алған шаралардың арқасында Кіші Арал қалпына келтірілді. Дегенмен, Аралдың сулы аумағының 20-дан 1 бөлігі ғана толтырылып, су  массасының 40-тан бір бөлігі ғана орнына қайтқан.

Сонымен қатар, Қазақстан  Әлемдік банктің «Сырдария өзенінің түбін реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасын жүзеге асыруға бағытталған  екі заемын ұтып алды. Бұл екі мақсатқа бас-аяғы 200 миллион доллар жұмсалады.

Ғалымдардың айтуынша, Кіші Аралдың қайта жандануы Арал теңізін түгелдей қалпына келтіруге деген үмітті оятты. Бірақ, ол арманға жету үшін дұрыс қаржылай қолдау ғана емес, саяси ерік-жігер мен білікті ғылыми әрекет қажет екен.

Арыстан Рысбек

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK