Бюджеттен 8,1 трлн теңге жұмсалды

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
6091

Қазына қаржысының шығыны 13, 2%-ға қысқарды. Ал әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалған ақша 20%-ға ұлғайды.

Бюджеттен 8,1 трлн теңге жұмсалды

Соңғы 9 айда мемлекеттік бюджеттен 8,1 трлн теңге жұмсалды. Қыруар қаржы болып көрінгенмен, 2017 жылмен салыстыратын болсақ, биыл қазына қаржысы 13,2%-ға үнемделді.

2018 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында республикалық бюджеттің 25%-ы, 2 трлн теңге әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға, 17,4%-ы,1,4 трлн теңге білім беру саласына, 10,1%-ы, 820,4 млрд теңге денсаулық сақтау саласына бөлінді.

Айтпақшы, көлік-логистика саласы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға қазына қажысының үштен екі бөлігі жұмсалды.  

Биыл қарызға қызмет көрсетуге бюджеттің 36,8%-ы, 483,2 млрд теңгесі шығындалды. Мұндай көрсеткіш осыдан 2 жыл бұрын тіркелді. Ал былтыр керісінше, қарызға қызмет көрсету шығыны биылғы жылмен салыстырғанда 12%-ға кем болды.

Айта кетейік 2018 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда мемлекеттік қарыздың экономикалық тәуекелдері басқаша есептелетін болды. Қарыз индикаторынан үкіметтің ішкі борышы алынып тасталды. Осылайша сыртқы қарыз көрсеткіші азайып, Қазақстанның шетелдік кредиторлар алдындағы қаржылық міндеттемесінің жүгі жеңілдеді. Алайда бұл барлығы жақсы болып кетті деген сөз емес. Ішкі қарыз болсын, сыртқы қарыз болсын айналып келгенде қайтарылуға тиісті қаражат. Оны бір-бірінен бөліп есептеп, азайтып көрсеткеннен ұлттық экономиканың көші түзеліп кетпейді. Мұның бір пайдасы, бір зияны бар. Пайдасы – шетелдіктер Қазақстанға қарыз бере береді, зияны  – біз қарызға белшемізден бата береміз.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу