БЖЗҚ-ның теңгелік портфелін мемлекеттік қарызбен молайтты

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
2982

2018 жылдың тоғыз айында МҚҚ-ға салынған салымдар корпоративтік секторға шығын әкелді.

БЖЗҚ-ның теңгелік портфелін мемлекеттік қарызбен молайтты

Салымшылардың зейнетақы жарнасы 2018 жылдың 1 қазанында 8,895 трлн теңге болды, яғни қаңтардан бастап қыркүйекке дейінгі аралықта 1,084 трлн (13,9%) теңгеге артқан. Бір жыл бұрын сыйақылар динамикасы абсолюттік мәнде 12,8%-ға немесе 853,3 млрд теңгеге төмен болған.

Зейнетақы жүйесіне келген ақшалар ағыны инвестициялық таратылымға өзгерткен жоқ. Бұрынғыша, активтер үлесінің көп бөлігін (69,1%, немесе 6,1 трлн теңге) теңгелік активтер алып отыр, ал шетелдік валютада ұсынылған құралдар 30,9%, немесе 2,7 трлн теңге. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін 2018 жылға келесі бағыттар – мемлекеттік құнды қағаздарды (МҚҚ) сатып алу, портфелді әртараптандыру үшін шетелдік валютаны сатып алу, халықаралық қаржы ұйымдарынан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен, екінші деңгейлі банктер және басқа да қазақстандық эмитенттерден құнды қағаздарды сатып алу бойынша инвестициялауды мақұлдады. Дегенмен өсім көрсетіп отырған шетелдік құралдар басымдыққа ие болды.

БЖЗҚ-ның қазіргі құны бойынша бағаланған жиынтық инвестициялық портфелі бойынша (теңгелік және валюталық) ҚР МҚҚ-ның үлесі 46,8% (жыл басынан бері өсу 6,1%), шетелдің МҚҚ-сының үлесі 13,2% (жыл басынан бері 24%-ға өскен), шетелдік банктердегі депозиттердің үлесі 3,8%-дан (өсу 21,7%) аспағанын көруге болады. ҚР квазимемлекеттік секторы мен корпоративтік секторына салынған салым жыл басынан бері төмендеген, оның ішінде қазақстандық екінші деңгейіл банктердің облигацияларына салынғандар да төмендеген. Банктердің облигацияларының үлесі 2018 жылдың басындағы 16%-бен, 2017 жылдың қазан айының басындағы 16,7%-бен салыстырғанда 13,79% болған.

Сондай-ақ статистика мемлекеттің қор салымшылары алдындағы міндеттемелерінің өскенін көрсетеді. 2017 жылдың 1 қазанында ҚР МҚҚ-ның БЖЗҚ-ның инвестициялық портфельдегі үлесі 43,1% болған. Ал биылғы жылдың 1 қазанында МҚҚ-ның (теңгелік және валюталық) үлесі 46,8%-ға дейін өскен.

БЖЗҚ портфелінің теңгелік бөлігінде үкімет пен Ұлттық банктің ішкі қарызы 59,1% болып отырғанын атап кету керек. Банктік қаржылық құралдар теңгелік портфельдің 24,7%-ын, квазисектор облигациялары 8,8%-ды алып отыр.

Қыркүйек айында қаржы министрлігі ұзақмерзімді қағазды орналастыру бойынша екі аукцион өткізді. Ол 59 млрд теңге болатын төлегенге дейінгі кірістілігі 8,43% 11,4 жылдық облигациялар мен 20,4 млрд теңге болатын 14,6 жылдық қағаздарды жылдық 8,46%-бен сатты. Екі саудада екі сатып алушы қатысты, сұраныс 200% болды. Жалпы қаржы министрлігі қыркүйек айында 70 млрд теңге болатын көлемді орналастыруды жоспарлаған болатын.

Ұлтық банктің "2018 жылдың қыркүйегіндегі БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша инвестициялық қызметке қысқаша шолу" құжатында қыркүйек айында теңгелік инвестициялар 55,2 млрд теңге (ақша нарығындағы операцияларды есепке алмағанда) болғаны айтылған. Екі құралы – МҚҚ (қаржы министрлігінің міндеттемелерін 26 млрд теңге сатып алған) мен банк облигацияларына ұтыс жасалған болатын. Оларды экономиканы 200 млрд теңге сомаға қолдау үшін екінші деңгейлі банктерді қаржыландыруға қатысты жаңартылған бағдарлама аясында 12% жылдық орташа есептелген кірістілікпен сатып алған. Қыркүйек ішінде уақытша еркін теңге ақша нарығының қысқамерзімді құралдарына инвестицияланды.

Қыркүйек айында валюталық зейнетақы активтері біршама көлемдірек – 94,6 млрд теңге болды. Оған АҚШ үкіметінің қысқамерзімді қарыздары (78,7 млрд теңге, кірістілігі жылдық 2,3%), Мексика үкіметінің доллармен ұсынылған ұзақмерзімді қарыздары (7,2 млрд теңге, кірістілігі жылдық 4,3) сатып алынған. Сонымен қатар Қытайдың долларда ұсынылған орташа есептелген кірістілігі жылдық 4,2% болатын квазимемлекеттік секторының шетелдік эмитенттер облигациялары 8,7 млрд теңгеге сатып алынған.

Осылайша, 1 қазанда БЖЗҚ-ның валюталық портфелінің 42,8%-ы шетел үкіметтерінің МҚҚ-сы, 23,5%-сы Қазақстанның тәуелсіз валюталық қарызы, 9,7%-ы қазақстандық эмиттентердің құнды қағаздары, 8,66%-ы шетелдің эмиттентердің құнды қағаздарына тиесілі болған. Шетелдік банктердегі депозиттер 12,2% болған.

2018 жылдың тоғыз айында аударылған инвестициялық кіріс бір жыл бұрынғы 494,4 млрд теңгемен салыстырғанда 663,1 млрд теңге болған. "Таза" кіріс (39,5 млрд теңге комиссияны есептемегенде) 623,6 млрд теңге шамасында болған. 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде "таза" кіріс 462,2 млрд теңгеге өскен, комиссиялық сыйақылар 32.3 млрд теңгеден аспаған.

2018 жылдың 1 қазанында зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда (2017 жылдың қазанынан бастап 2018 жылдың қыркүйегіне дейін) БЖЗҚ салымшылары үшін инфляция 6,1% болғанда 90%-ды құраған. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 2,9%-дан аспады.

Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу