"Дат динамитіне" шамамыз жетпей жүр

840

Дания құрамасымен қанша ойнасақ та, тең ойнай алмай жүрміз.

"Дат динамитіне" шамамыз жетпей жүр

Қазақстан құрамасы Дания командасымен 4 мәрте кездескен. Алайда соның ешқайсысында жақсы нәтижеге қол жеткізе алмаған. Ең алғашқы матч 2005 жылы өткен. Онда Сергей Тимофеев баптаған Қазақстан құрамасы 3 доп айырмасымен ойсырай жеңілді. Еуропаға енді аяқ басқан жас командамыздың жеңілісі болжағандай дәл шықты.

№70. ДАНИЯ — ҚАЗАҚСТАН - 3:0 (2:0). Іріктеу кезеңі. ӘЧ-2006
Голдар: Мёллер, 10 (1:0), Поульсен, 34 (2:0), Мёллер, 47 (3:0)
ДАНИЯ: Т.Сёренсен, К.Поульсен, Б.Приске, М.Лаурсен, Т.Хельвег, Д.Йенсен, М.Йоргенсен, П.Мёллер, Й.Гронкьяер (М.Сильбербауэр, 73), Н.Йенсен (К.Йенсен, 46), Й.Даль-Томассон (К.Перес, 46). Бас бапкер – М.Ольсен
ҚАЗАҚСТАН: Новиков, Ляпкин, Авдеев, Смақов (к), Фамильцев, Отабаев (Дубинский, 77), Чичулин (Ларин, 46), Травин (Байжанов, 56), Карпович, Балтиев, Родионов. Бас бапкер – С.Тимофеев
26.03.2005. Копенгаген, Parken. Төреші: Гжегош Гилевски (Польша)

2006 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Даниямен жауапты матчты Алматыда өткізді. Жергілікті жанкүйердің қолдауымен жақсы ойнаған Қазақстан құрамасы шеберлік деңгейі жетпей, жеңіліп қалды. Десе де, тең ойнап кетуге мүмкіндіктер қарастырды. Әсіресе жас шабуылшы Данияр Кенжехановтың гол салатын тамаша мүмкіндігі болған еді.

№77. ҚАЗАҚСТАН — ДАНИЯ - 1:2 (0:0). Іріктеу кезеңі. ӘЧ-2006
Голдар: Гравгорд, 46 (0:1), Томассон, 49 (0:2), Кучма, 86 (1:2)
ҚАЗАҚСТАН: Новиков, Авдеев, Фамильцев (Ларин, 56), Мұқанов, Кучма, Смақов, Хохлов, Карпович, Жұмасқалиев, Ирисметов (Травин, 66), Литвиненко (Кенжеханов, 50). Бас бапкер - С.Тимофеев
ДАНИЯ: Сёренсен (Й.Кристиансен, 46), Приске, П.Нильсен, Гравгорд, Н.Йенсен (Хельвег, 87), Роммедаль (Каленберг, 46), К.Поульсен, Д.Йенсен, С.Ларсен, Йоргенсен, Томассон. Бас бапкер - Мортен Ольсен
Ескерту: Мұқанов, 26, Авдеев, 29, Ирисметов, 42 - Ларсен, 18, Поульсен, 26, Д.Йенсен, 43
Қызыл қағаз: Авдеев, 87 (К)
12.10.2005. Алматы, "Орталық". 8 050. Төреші: Эдо Тривкович (Хорватия)

2018 жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Даниямен тағы да бір топқа түсті. Копенгагендегі матчта Дат құрамасы айқын басымдық танытты. Алайда, матч барысында Ғафұржан Сүйімбаев ғаламат гол салып, көрермендерге таңдай қақтырды. Оның осы голы турдың өздік голдарының біріне баланды. Айып алаңының сыртынан шірене тартқан Сүйімбаевтың голы расымен де көз сүйсіндірерліктей болды.

№176. ДАНИЯ — ҚАЗАҚСТАН - 4:1 (2:1). Іріктеу жарысы. ӘЧ-2018
Голдар: Корнелиус, 15 (1:0), Сүйімбаев, 17 (1:1), Эриксен, 36, пенальтиден (2:1), Анкерсен, 78 (3:1), Эриксен, 90+2 (4:1)
ДАНИЯ: Рённов, Анкерсен, Кьер (к), Дурмиси, Квист, Дилейни, Н.Йоргенсен, Эриксен, Бьеллан, Ю.Поульсен, Корнелиус (Дольберг, 82). Бас бапкер - Оге Харейде (Норвегия)
ҚАЗАҚСТАН: С.Покатилов, Малый, Е.Ахметов, Мухутдинов, Исламхан (к) (Мұртазаев, 70), С.Мұжықов (Тұңғышбаев, 81), М.Байжанов, Сүйімбаев, Шомко, Хижниченко (Молдақараев, 60), Логвиненко. Бас бапкер - Т.Байсуфинов
Ескертулер: Корнелиус, 22, Н.Йоргенсен, 80 - Е.Ахметов, 8, Молдакараев, 81
11.11.2016. Копенгаген, Telia Parken. 18 901. Төреші: Алон Йефет (Израиль)

Қазақстан құрамасының тізгінін ұстаған Александр Бородюк кезінде ұлттық құрама бірде-бір жеңіске жетпеді. Футболшылардың бұл маманның қол астында футбол ойнауға құлқы жоқ еді. Оны алаңдағы іс-қимылдардан анық аңғардық. Матчтың 43 минутында Бауыржан Исламхан қызыл қағаз алып, отандастарымыз он адаммен қалып қойды. Соның салдарынан есеп 1:3, қонақтардың жеңісі. Айта кетуіміз керек бұл матчта Исламбек Қуат намысқа тырысып абырой голын салды.

№179. ҚАЗАҚСТАН — ДАНИЯ - 1:3 (0:1). Іріктеу жарысы. ӘЧ-2018
Голдар: Н.Йоргенсен, 27 (0:1), Эриксен, 51, пенальтиден (0:2), Қуат, 76 (1:2), Дольберг, 81 (1:3)
ҚАЗАҚСТАН: Лория, Қуат, Е.Ахметов, Исламхан (к), Жуков, С.Мұжықов, А.Нұрғалиев (Бейсебеков, 56), Сүйімбаев, Нөсербаев (Тұңғышбаев, 74), Шомко (Вороговский, 67), Логвиненко. Бас бапкер - А.Бородюк (Ресей)
ДАНИЯ: Рённов, Вестергор, Кьер (к), Дурмиси, Квист (Шёне, 46), Дилейни, Н.Йоргенсен, Эриксен, Брейтуэйт, Ларсен (Дальсгор, 82), Ю.Поульсен (Дольберг, 68). Бас бапкер - О.Харейде (Норвегия)
Ескертулер: Нөсербаев, 20, Логвиненко, 63

Алаңнан қуылған: Исламхан, 43 (К)
10.06.2017. Алматы, "Орталық". 19 065. Төреші: Владислав Безбородов (Ресей)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу