Депозит пен несие нарығы тоқырай бастады

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
3655

Бизнестің депозиттегі қаржысы көбейіп, алған несиесі азайса, халықтың жағдайы керісінше.

Депозит пен несие нарығы тоқырай бастады

Теңгеге сенім кете бастады
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2018 жылғы қыркүйектің соңында өткен аймен салыстырғанда 0,2%-ға қысқарып, 17 648,1 млрд теңге болды.

Соның ішінде, заңды тұлғалардың депозиттері 9 284,5 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға өсті, жеке тұлғалардың депозиттері 8 363,6 млрд теңгеге дейін 1,8%-ға қысқарды.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 9 258,2 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға қысқарды, шетел валютасында 8 389,9 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға ұлғайды. Долларлану деңгейі қыркүйектің соңында 2017 жылғы желтоқсандағы 47,7%-бен салыстырғанда 47,5%-ды құрады.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2018 жылғы қыркүйекте 5 051,5 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға төмендеді, шетел валютасында 4 233,0 млрд теңгеге дейін 7,2%-ға өсті.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 4 206,7 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға, шетел валютасында 4 156,9 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға төмендеді.

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,8%-ға азайып, 12 240,5 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымындағы ұлттық валютадағы салым 6 202,5 млрд теңгені, шетел валютасымен 6 038,0 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 6,8% (2017 жылғы желтоқсанда – 8%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 10,8%-ды (11,7%) құрады.

Бизнестің банк ақшасына мұқтаждығы жоқ
Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2018 жылғы қыркүйектің соңында өткен аймен салыстырғанда 2,7%-ға азайып, 12 667,5 млрд теңгені құрады.

Заңды тұлғалар кредиттердінің көлемі 7 571,5 млрд теңгеге дейін 5,3%-ға азайды, жеке тұлғалардікі 5 096,1 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютамен берілген кредиттердің көлемі бір айда 9 753,8 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 4,5%-ға азайды, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 1,9%-ға ұлғайды.

Шетел валютасымен берілген кредиттердің көлемі 2 913,8 млрд теңгеге дейін 6,9%-ға, оның ішінде жеке тұлғаларға – 9,9%-ға, ал заңды тұлғаларға – 6,7 %-ға азайды. Теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 2018 жылғы қыркүйектің соңында 77%-ды құрады.

Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 827,7 млрд теңгеге дейін 3,4%-ға азайды, қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 839,8 млрд теңгеге дейін 1,8%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2 504 млрд теңгеге дейін 13,2%-ға азайды.

Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 15%), сауда (13,7%), құрылыс (6,3%), ауыл шаруашылығы (3,9%) және көлік (4,6%) сияқты салаларға тиесілі.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу