Динара Сәдуақасова Астанада халықаралық шахмат фестивалін өткізеді

546

Турнирдің жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды.

Динара Сәдуақасова Астанада халықаралық шахмат фестивалін өткізеді

11 шілде мен 19 шілде аралығында елордада Астананың 25 жылдығына арналған "Астана жұлдыздары" халықаралық шахмат фестивалі өтеді. Жарысты қазақстандық спортшы, Әлем чемпионаттарының жеңімпазы Динара Сәдуақасова басқаратын Шахмат академиясы ұйымдастырады.

Турнирдің мақсаты – Қазақстанда шахматты спорт түрі ретінде танымал ету және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жас спортшылардың шеберлігін арттыру, жас таланттарды іздеу. Фестиваль кезінде ұйымдастырылатын турнирлерге Қазақстанға әлемнің 16 елінен 800-ден астам адам шахматшы келеді деп күтілуде. Жүлде қоры рекордтық сома – 40 миллион теңгені құрайды.

Фестиваль аясында төрт турнир өтеді: ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының кезеңі, әуесқойлар, балалар арасында  және блицтен турнир. Жарысқа келетін балалардың арасында Екібастұз балалар үйінің тәрбиеленушілері де болады. Сонымен қатар, "ФИДЕ ұйымдастырушысы" (FIDE – ұлттық федерацияларды біріктіретін халықаралық шахмат федерациясы) атағын алу үшін семинар ұйымдастырылады.

Турнир Халықаралық стандарттарға сай болу үшін ФИДЕ ережелері ескеріліп, барлық өзгерістер жаңа талаптарға сай ұйымдастырылып жатқанын ерекше атап өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу