Доллардың делдалсыз саудасы

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
2214

Жеке тұлғалар KASE-де 100 мың бірлік мөлшерінде доллар саудалау құқына ие болды.

Доллардың делдалсыз саудасы

Келесі айдан бастап брокерлік компаниялардың клиенттері – жеке тұлғалар Қазақстан қор биржасында (KASE) долларды еркін сату және сатып ала алады. Күндізгі лимит бір клиент үшін күніне 100 мың доллардан аспайды, әрі ол клиенттің шетелдік валюталарды сатып алуға жабық (есептелген) нетто-позициясының және  ашық позициясының сомасы болып саналады. Басқаша айтар болсақ, клиенттің валюталық шотындағы доллар көлемі белгіленген 100 мың доллардан аспауы керек. KASE-нің хабарлауынша, брокерлік ұйымдар қазір биржалық валюта нарығының сауда жүйесіне сынақ режимінде қосыла алады.

Брокер шетелдік валютаны сатып алу және сату бойынша қызметті егер ол брокерлік қызмет көрсетуге келісімшартымен қарастырылған болса ғана көрсетеді. Мұндай жағдайда брокер, егер ол банк болып табылмайтын болса,  клиенттерге  банктегі клиенттерге тиесілі шетелдік валютаны есепке алу және сақтауға, Құнды қағаздардың депозитарлық орталығында, клирингтік және есеп айырысу ұйымдарында  банктік шот ашады.

Валюта сатып алуға арналған ақша брокердің орталық депозитария есебі жүйесіндегі шотына валютаны сатып алуға қажет көлемде салынғанда ғана келісім жасалады. Осылайша, келісімдер жаңа нарықты тұрақтылық пен келісімдерді орындау кепілін қамтамасыз ету үшін төлемге қарсы жеткізу шартымен жасалады.

KASE-нің шетелдік валюталармен жасайтын операциялары бойынша комиссиялық алымы әр келісімнің сомасынан 0,0005% деп бекітілді. Егер брокер келісім бойынша сатушы және сатып алушы да болып табылатын болса, онда ол комиссиялық алымды сатушы және сатып алушы ретінде екі рет төлейді.

Еске салып кетер болсақ, бүгінгі таңда биржа нарығында валютамен операция жасау құқы тек екінші деңгейлі банктерде ғана бар. Брокерлердің банктік емес ұйымдармен жеке клиенттерге мұндай қызметті ұсына алмағаны брокерлік бизнесті дамытуға тежеу болған еді. 100 мың доллар мөлшеріндегі нетто-позицияларға деген жоғары талап ұсақ жеке клиенттердің жолын кесу үшін қарастырылған, алайда білікті инвесторларға есептелген әртүрлі қаржылық қызметтің үлкен желісі бар инвестициялық банкингті дамыту үшін жақсы тірек болады.

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу