banner

Эфириумның биткоиннан бәсі биік

Данил Тумашевич Данил Тумашевич
2980

Криптовалюта нарығында не болып жатыр.

Эфириумның биткоиннан бәсі биік

Криптовалюта нарығындағы "жаппай сатылым" және бағаның төмендеу тренді өткен аптаның дүйсенбі, сейсенбі күндері жалғасты. Ал сәрсенбі күні нарық күшін қайта жиып, баға көтеріле бастады, алайда аптаның соңына қарай баға тағы да күрт түсіп кетті.

Егер өткен аптада криптовалюта нарығындағы бағаның төмендеуіне Оңтүстік Корея, Қытай және Индонезиядағы жаңалық, ал осы аптада Корея мен Weiss Ratings агенттігі себеп болып отыр.

Coinmarketcap мәліметі бойынша, криптовалюталарды жалпы капиталдандыру 20 млрд долларға төмендеген. Он цифрлық активтің алтауы кері динамиканы көрсеткен. Материалды жазу барысында Астана уақыты бойынша үздік ондықтың ішінде NEM ең көп төмендеп, 20%-дан артық түсіп кеткен. Одан кейін екінші орында 13%-ға төмендеген Ripple тұр. Сонымен қатар Bitcoin Cash 10%-ға және Litecoin 9%-ға түскен. Ал Bitcoin 5%-ға, Ethereum 0,2-ға төмендеген. Осы аптадағы жалпы капиталдандырудың төмендеуіне қарамастан, біршама өсуді көрсеткен криптовалюталар бар. Олардың ішінде Stellar 33%-ға, NEO 4%-ға, сондай-ақ EOS және Cardano 2%-ға өскен.

Оңтүстік Корея үкіметі криптовалюта нарығынан 22% корпоративтік және 2,2% табыс салығын алатынын хабарлады деп жазды жергілікті Yonhap басылымы. Олардың мәліметі бойынша, үкімет криптовалюталармен транзакция жасауда комиссияны бірнеше есе арттырған алты ірі банктің ақшаны жылыстатуға қатысты айыбын ашқаннан  кейін салық туралы хабарландыру жасады.

Мұнымен қоса Корея шетелдіктерге биржада сауда жасауға және 30 қаңтардан бастап азаматтарға жасырын шотты пайдалануға тыйым салады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға сауда жасауға және жаңа аккаунттарды ашуға шектеу қояды. Оңтүстік Корея барлық әлем үшін бағалы ойыншы. Криптовалюта саудасының 20-25%-ы осы елге тиесілі.

Биліктің әрекеті Корея тұрғындарының ашу-ызасын тудырды, олар 200 мың адамның  қолы қойылған өтініш жазған. Олар қазір үкіметтің ресми жауабын күтіп отыр.

Weiss Ratings бәрін орынына қойды
Weiss қаржы агенттігі Оңтүстік Корея тарапынан сайтқа хакерлік шабуыл жасалғанына қарамастан, бірінші рет криптовалюта рейтингін жасады.  

Биткоин С+ (қанағаттанарлық), ал эфириум В (жақсы) деген баға алған. Агенттіктегілер биткоинның артықшылығы қауіпсіздік пен кең таралуында, ал кемшілігі кедергілер мен транзакциясының жоғары болуында. Екінші кеңінен қолданылып жатқан криптовалюта – бұл эфириум. Эфириум технологияға  жылдам бейімделу және жылдамдығы жоғары болуымен ұтып кетіп тұр.

Ешкім А (жақсы) деген бағаны алмаған. Қалған бағалау жоқ. Алайда Arabianbusiness хабарлауынша, Ripple С деген бағаны алған. Cointelegraf мәліметі бойынша, Bitcoin Cash криптовалютасы С-, ал Dogecoin С деген баға алған. Insider.pro хабарлауынша, EOS В рейтингісіне қол жеткізген. Cardano және Neo В- деп бағаланған. Novacoin және Salus криптовалютасы D рейтингісін алған.

Рейтинг төрт көрсеткіш: тәуекел индексі, табыс индексі, технология индексі және іргелі индекске негізделіп жасалған. Бірінші көрсеткіш бірқатар уақыт ішіндегі бағаның құбылуын белгілейді. Екіншісі табыстылық пайызын қарастырады. Үшінші көрсеткіш анонимдік деңгейін, технологияларды жаңарту мүмкіндігін, масштабтылығын, сондай-ақ басқа да техникалық ерекшеліктерін немесе кемшіліктерін қарастырады. Төртінші көрсеткіш транзакцияның жылдамдығын анықтап, блок өндірісінің жеке жүргізілуін, желінің өткізу қабілетін, әзірлеушілердің қатысуын және басқа да факторларды қарастырады.

"Оңтүстік Кореяның әлеуметтік желілерінде біз олардың артықшылық валюталары бойынша кері рейтинг шығарайын деп жатыр деген хабарлама пайда болды. Осылайша олар біздің релизді бұзуға әрекет жасады", – деді  Weiss Ratings негізін құрушы  Мартин Д. Вайс.

Оның сөзінше, бағалардың құбылмалығы жоғары болғанына қарамастан, криптовалюталық активтердің болашағы мен әлеуеті зор. Нарық инвесторлар үшін түсініксіз болып отыр. Ал мұның барлығының басын ашып көрсетуді тек сенімді әділ рейтинг қана қамтамасыз ете алады.

Weiss Ratings  агенттігі 1971 жылы құрылған. Агенттік 55000 мекеме мен қаржы ұйымын бағалайды. Weiss Ratings агенттігі Standard & Poor's, Moody's, Fitch агенттіктеріне қарағанда өздері бағалайтын компаниядан қандай да бір көмек немесе өтемақы алмайды.

Биржаларға айыппұл салынды
Өткен аптаның сейсенбісінде кореялық байланыс комиссиясы (КБК) криптовалюта биржаларына 141 млн вон (130 мың доллар) айыппұл салынғанын хабарлады. Бұған 2017 жылдың 10 қазаны мен 28 желтоқсаны аралығында биржаларда  жүргізілген тергеу себеп болып отыр. КБК хабар тарату және телекоммуникация секторын реттеуге, сондай-ақ азаматтардың ақпаратын қорғауға жауап береді. 

Тергеу барысында 10 криптовалюта биржасының сегізіне айыппұл салынған, ал екеуі жабылған. Айыппұл салынғандар ішінде: Upbit, Ripple4y, Coinpia, Youbit, Korbit, Coinone, Coinplug және Eyalabs бар. Айыппұлдың көлемі 9 мың доллардан бастап, 14 мың доллар аралығында болды. КБК мәліметі бойынша, олар елдің "Ақпарат және байланыс туралы" заңын бұзған. Яғни олар биржа қызметін қолданбай кеткен қолданушылар туралы ақпаратты ұзақ уақыт сақтаған.

"Криптовалюта биржаларына хакерлер тарапынан көп шабуыл жасалады. Ірі биржаларда жеке ақпарат өте әлсіз қорғалады, сондықтан қолданушыларға келер шығынды қатаң санкциялар мен талаптар арқылы азайтуға тырысудамыз", – деді КБК төрағасы Ли Хё-Сун.  

Биржа заң бұзушылықты дұрыстап, есепті 30 күн ішінде беруге тиіс.

Акцияны көтеретін "сиқырлы" сөз
АҚШ-тың (SEC) құнды қағаздар бойынша комиссиясы "блокчейн" сөзін қосу арқылы өзінің атын өзгерткен компанияларға баса назар аударды.

Құнды қағаздарды реттеу институтында сөз сөйлеген комиссия төрағасы Джей Клейтон технологияларға қатысты өз ескертулерін айтты. Ол көптеген компания пайда көру үшін өз атына "блокчейн" сөзін қосып алатынына тоқталып кетті. Ал мұндай компаниялардың акциясы бірден өседі. Мысалы,  Long Island Iced Tea Corp компаниясы өзінің атын Long Island Blockchain Corp. деп өзгерткен, содан кейін оның акциялары бірнеше есе өсіп кеткен.

"Инвесторлардың компания атына "блокчейн" сөзін қосу тиімді деп ойлайды дегеніне күдігім бар. Оған қоса егер компанияның бұл технологияға еш қатысты болмаса. SEC аталған мәселені және ақпараттың құнды қағаздар туралы заңға сәйкестігін егжей-тегжей зерттеп жатыр", – деді Джей Клейтон.

Блокчейн технологиясын қалай пайдаланады
АҚШ-тың Вермонт штатының Propy, Inc компаниясы Blockchain-Friendly тәжірибелік бағдарламасын іске қосқаны туралы хабарлады. Бұл бағдарлама криптовалюта көмегімен жылжымайтын мүлік сатып алу үшін жасалған.

Компаниядағылар олардың платформасы арқылы меншік құқын тек АҚШ-та ғана емес, сонымен қатар Қытай, Ресей және Еуропада бірден алуға болатынын айтып сендіріп отыр. Сондай-ақ сервис қалалар, орамдар бойынша ақпаратты іздеуге мүмкіндік береді. Әзірдеушілер командасы АҚШ, Синшапур, Ресей, Украина, бағдарламашыларынан құралған.

Вермонт штаты 2015 жылы экономикалық дамуға байланысты заң қабылдаған, сонда блокчейн технологияс туралы бөлім бар. Заң үкімет мемлекеттік құжаттарды тексеру үшін смарт-келісімшарттарды қолдана алу мүмкіндігін қарастырады.

Жылжымайтын мүлік сатып алу үшін криптовалютаны қолданған алғашқы жағдай емес. Нью-Йорк, Калифорния, Дубай және Балиде жылжымайтын мүлік биткоин көмегімен сатып алынған.

Блокчейн арқылы АҚШ-тан Қытайға бұршақ жеткізілді

АҚШ-тан Қытайға соя жеткізу Easy Trading Connect блокчейн-платформаны қолданған ауылшаруашылық саласындағы бірінші тауарлық келісімшарт болды, деп хабарлайды Insider.pro.

Shandong Bohi Industry компаниясы алғаш рет блокчейн технологиясын америкалық Louis Dreyfus. Shandong Bohi Industry соя бұршағын сатып алуға қолданған.

Аустралияның әуежайы блокчейнмен жұмыс істейді

Аустралияның Брисбенск әуежайы әлемдегі криптовалютаны қабылдаған алғашқы әуежай болады. Жергілікті БАҚ әуежай қазір блокчейнді таныту мақсатында жергілікті және шетелдік компаниялармен жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Дүкендер мен дәмхана, мейрамханаларда биткоинмен, эфир немесе DASH-пен төлеуге болады.

Әуежайдың стратегиялық жоспарлау және дамыту жөніндегі бас директоры Роэль Хеллмонс цифрлық валюталарға көшу тиімді екенін, өйткені криптовалютаға инвестиция салатындардың саны күн санап артып келе жатқанын атап кетті.

"Көптеген адам әлемді шарлап, криптовалютаға инвестиция салып, ақша табуда. Сондықтан біздің терминалдарда криптовалютаға қызмет көрсетеді", – деді Роэль Хеллмонс.

Еске салар болсақ, өткен аптада (15-19 қаңтар 2018 жылы) криптовалютаның "жаппай сатылымы" болған еді.Оңтүстік Корея, Қытай, Индонезия тарапынан болған жағымсыз жаңалықтар аясында жалпы капиталдандыру 90 млрд долларға түскен. Мұндай "жаппай сатылым" жылсайын қаңтар айында болады, сондай-ақ олар Қытайда жаңа жылдың алдында болады. Мереке қарсаңында көптеген трейдер криптовалютаны ақшаға айналдырып, жақындарына сыйлық сатып алған.

Гүлназ Ермағанбетова, Данил Тумашевич 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу