ЕҚДБ "Қазақтелеком"-нан дәмелі

2039

Халықаралық қаржы институты ұлттық телекоммуникация операторын жекешелендіру шарасына қатысуды көздейді.

ЕҚДБ "Қазақтелеком"-нан дәмелі

Еуропалық қайта құру және даму банкі "Қазақтелеком" телекоммуникациясының акционері болып, мемлекеттік үлесі бар "Эйр Астана" және "Қазатомөнеркәсіп" компанияларын жекешелендіруге қатысуы мүмкін. Бұл туралы abctv.kz-ке халықаралық қаржы институтының президенті Сума Чакрабарти мәлім етті.

"Біз бұған ("Самұрық-Қазына" мемлекеттік холдингімен еншілес компаниялардың жекешелендіру процесіне-Ред) барынша қатысамыз. Бұл жағынан ЕҚДБ өте мықты. Біз "Қазақтелеком", "Эйр Астана" және "Қазатомөнеркәсіп" компанияларының жекешеліндіру процесіне қатысамыз. Бұл процесте "Қазақтелеком" басқа компаниялардан көш ілгері. Біз осы жекешелендіру процесіндегі қомақты үлесті сатып алуға қызығушылық танытып отырмыз. Біз миниоритарлық үлеске шамамен 25%-ға дейін көңіл бөлеміз. Осы ауыспалы кезеңде өзге стратегиялық ивесторларды тарту үшін катализатор болғымыз келеді. ЕҚДБ-ның акционерлік инвестициялауға қатысуы активке кіруге мүмкіндігі бар инвесторлардың бойына сенімін ұялатады", – деді abctv.kz. сауалына жауап берген ЕҚДБ президенті.

Банктің хабарлауынша, жекешелендіру әдісі, сонымен қатар келісім құрылымы әлі анықталмаған және алдағы уақытта үкіметпен және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-пен өтетін келіссөздерге байланысты болады. Сондай-ақ ЕҚДБ халықаралық қаржы институты шамамен 25% және қосымша бір акция акционерлік үлеспен әр елдің мемлекеттік активтеріне қатысқанын айтып кетті.

"Қазақтелекомның" ірі акционерлері – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (құрылтайшы – Қазақстан үкіметі, қарапайым акциялардың 52,03%) және Sobrio Limited (24,96%) деп көрсетілген 2018 жылдың басындағы KASE жазбасында. Sobrio Limited иесі – бизнесмен Александр Клебанов.

Гүлназ Ермағанбетова, Данияр Серіков 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу