Екінші деңгейлі банктер 5 908 валюталық қарызды қайта қаржыландырады

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
6587

Бүгінге дейін ел азаматтарынан 8078 өтінім қабылданды.

Екінші деңгейлі банктер 5 908 валюталық қарызды қайта қаржыландырады

Ұлттық банк әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру бағдарламасын жалғастырып жатыр. Жоба 2004-2009 жылдар мен 2015 жылғы 18 тамыздағы бағам бойынша жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел ақшасымен алған ипотекалық қарызды ұлттық валютамен қайта қаржыландыруды көздейді.

"2019 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша бағдарлама шеңберінде банктер 159,7 млрд теңгені құрайтын 25 807 қарызды қарастырып, жалпы сомасы 139,7 млрд теңге болған 23 950 қарызды қайта қаржыландырды", –деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Бұл 2004-2009 жылдар аралығында "көк қағазбен" алынған ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруға қатысты жағдай. Ал 2015 жылғы 18 тамыздағы бағам бойынша жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел ақшасымен алған ипотекалық қарызын қайта қаржыландырудың жайын Ұлттық банктің баспасөз қызметі былай баяндады: "2019 жылғы 10 қаңтарда банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 48,5 млрд теңгенің 5 908 өтінімін мақұлдап, 35,1 млрд теңгенің 4 540 қарызын қайта қаржыландырды. Барлығы 8 078 өтінім қабылданды. Қабылданған өтінімдердің жалпы құны 101,7 млрд теңгені құрады. Ұлттық банк басқармасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 310 қаулысымен банктер валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімін 2019 жылғы 15 шілдеге дейін ұзартты. Ал қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі 2019 жылғы 1 шілдеге дейін белгіленді. Қарыздың бағдарлама талабына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға қарыз беруші банкке өтініш білдіру қажет".

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу