Экономика 2,5%-ға өседі

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
17159

Мұнай мен металдың әлемдік бағасы өседі деп күтіліп отыр.

Экономика 2,5%-ға өседі Фото: eurasiancommission.org

Үкімет парламенттің қарауына 2017 жылға арналған макроэкономикалқ көрсеткіштің өзгерген болжамы мен республикалық бюджеттің түзету пакетін қарауға ұсынды. Экономика осыған дейін болжанған қарқыннан да жоғары қарқында өседі деп күтіліп отыр. ЖІӨ-нің өсу қарқыны 2,5% деңгейінде болады деп болжанды, ал бұған дейінгі болжам тек 1,9%-ды көрсеткен болатын. Сонымен бірге басты үміт мұнай мен металл шикізаты бағасының артуына негізделіп отыр.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, макроэкономикалық болжамды түзетуге негізгі себеп болған жай – доллар бағамының 360 теңгеден 330 теңгеге дейін өзгеруі. Сондай-ақ әлемдік тауар нарығындағы мұнай бағасы болжамының бір баррелі 35-тен 50 долларға дейін артуы және металл бағасының индексі 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 5,5%-ға артуы сияқты беталыстар да ескерілген.

Осының нәтижесінде 2017 жылы нақты ЖІӨ 49 трлн 740,6 млрд теңге деңгейінде қалыптасады деп отыр, бұл бұрын мақұлданған 1 трлн 348,8 млрд теңгемен салыстырғанда жоғары. ЖІӨ халықтың жан басына шаққанда 8391,5 долларға дейін артады.

Өнеркәсіп 3%-ға дейін артады да, бұрынғы болжамнан 0,2%-ға жоғары болады. Сонымен бірге үкімет өңдеу өнеркәсібі алдағы болжанған 1,4%-ға қарағанда 2,6%-ға дейін өседі деп болжады.

2017 жылы мұнай өндірісі 81 млн тоннаға дейін артып, алда мақұлданған көрсеткіштен 1,5 млн тоннаға жоғары болып отыр. Сонымен қатар ұлттық экономика министрі бұл болжамды қалыптастыру кезінде Қазақстанның МЭЕҰ алдындағы мұнай өндірісін (еске сала кетсек, Қазақстан мұнай өндірісі жарты жылға тәулігіне 20 мың баррельге қысқартуға міндеттеме алған болатын) азайтуға қатысты міндеті де ескерілгенін айтып өтті.

"Бұл белгілі бір мерзімге тиянақталған міндет. Біз жылына 78 млн тоннаға емес, бірден 81 млн тоннаға баға белгілеген едік. Сондықтан өз міндетімізді бұзбай-ақ, осы өндіріс көлемін орындай аламыз", – дейді министр.

Экспортқа қатысты болжам 45,1 млрд долларға, импорт 32,7 млрд долларға дейін артты.

Сонымен қоса инфляцияның мақсатты шегі бұрын бекітілген 6-8% деңгейінде сақталып отыр.

Осыған сәйкес 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері де өзгерді. Республикалық бюджеттің 2017 жылғы кірісі 4 трлн 891,9 млрд теңге деңгейінде бағаланып отыр, бұл алда бекітілген жоспардан 553,7 млрд теңгеге артық.

Сонымен бірге түсімдер негізінен корпоративті табыс салығы (136,3 млрд теңге), қосымша құн салығы (132,5 млрд теңге) макроэкономикалық жағдайдың жақсаруы есебінен, сонымен бірге мұнайдың экспорттық кеден бажының бағасы баж мөлшерлемесінің есебінен артады.

2017 жылы республикалық бюджет шығыны 11 трлн 176,4 млрд теңге деп белгіленген, бұл бекітілген шамадан 2 трлн 615,1 млрд теңгеге артық.

Сонымен қоса үкімет Ұлттық қордың мақсатты трансфертін 1 трлн 534,6 млрд теңгеге, сондай-ақ бюджет тапшылығын 1 трлн 547,9 млрд теңгеге дейін (ЖІӨ-ді 3,1%) арттыруды қарастырып отыр.

Министрдің айтуынша, бұл президент тапсырмасын орындауға және дағдарысқа қарсы қосымша шараларды қабылдауға қажет. Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферті алдағы бекітілген 2 трлн 880 млрд теңге деңгейінде сақталған.

Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу