Эксимбанк облигациялық шығарылым бойынша дефолтқа жол берді

2003

Банк Ұлттық банктің азаматтардың зейнетақы қаражатына сатып алынған облигациялық шығару бойынша пайызды төлеу мүмкін еместігін мойындады.

Эксимбанк облигациялық шығарылым бойынша дефолтқа жол берді

"Эксимбанк Қазақстан" АҚ НИН KZP02Y05E986 купондық облигациялар бойынша дефолтқа жол берді, деп хабарлайды құнды қағаздар иесінің өкілі – "Сентрас Секьюритиз" АҚ. Дәл осындай ақпарат бір күн бұрын банктің өзінен де келіп түскен болатын.

Мәтінге зер салсақ, бұл жерде аталған шығарылым бойынша көлемі 811,6 млн теңгеден асатын екінші купондық сыйақының төленбеуі туралы сөз болып отыр. Транзакция бойынша дедлайнның мерзімі 2018 жылдың 5 маусымында аяқталды.

Қазақстан қор биржасының (KASE) дерегінше, аталған 5-жылдық облигациялық заем 13 млрд теңге көлемінде 2017 жылдың маусымында орналастырылған болатын. Шығарылым тұтас күйінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) инвестициялық портфелінің есебінде тұрды. Аталған құнды қағаздардың БЖЗҚ балансында пайда болуы бұған дейін "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-да орналастырылған депозитті конвертациялаумен байланысты.

"Шығарылым аңдатпасына сәйкес, дефолт болған жағдайда эмитент директорлар кеңесі (яғни "Эксимбанк Қазақстан" АҚ") облигацияларды сатып алу туралы шешім қабылдайды. Сатып алу шешім қабылданғаннан кейін 25 жұмыс күн ішінде іске асырылатын болады. Облигация ұстаушы директорлар кеңесінің облигацияларды сатып алу туралы шешімі жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде сатып алатыны туралы жазбаша өтініш жібереді. Облигация ұстаушының өтініші келіп түскеннен кейін 10 күн ішінде қаралады", – деп көрсетілген "Сентрас Секьюритиз" хабараламасында.

Банктің проблемалары президенттің биылғы жылдың сәуірінде үш банк - Эксимбанк, Qazaq Banki және Астана банкіне қатысты айтқан ресми сынына дейін туындаған.

"Егер "Эксимбанк Қазақстан" АҚ несиені қайта қаржыландыра алмаса немесе оны жабу мерзімін ұзарта алмаса, "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-тың шоғырландырылған өтімді активтері (2018 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша шамамен 13 млрд теңге) 2018 жылдың мамырында төленуге тиіс Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің несиесін жабуға жетеді", – деп банктердің рейтингі "В-/В" -ден "ССС+/С"-ге дейін төмен болған тұста Standard&Poorꞌs агенттігінің ақпандағы хабарламасында жазылған.

Сонымен қатар S&P агенттігі банк менеджменті өзінің несие төлеу қабілеттілігін арттыру үшін қайта құрылымдалған несиелер қоржынының біразын сатуды қарастырады деп көрсетті. Алайда қазіргі жағдай мен реттеушінің активтер сапасының төмендігіне байланысты қолдау көрсету мәселесіндегі банктің ұстанымы банк үшін мүмкіндіктерді тарылтады.

"Эксимбанк Қазақстан" АҚ – "Орталық Азия отын-энергетикалық компания" АҚ (ОАОЭК) тобының жартысы, KASE мәлімет бойынша, оған банктің қарапайым акцияларының 23,83%-ы тиесілі. ОАОЭК 1997 жылы құрылған, қаржы және химиялық сектордағы электр энергетика, машина жасауда жұмыс істейтін компанияларды біріктіреді. Холдинг акционерлері бизнесмендер – Еркін Әмірханов, Сергей Кан, Александр Клебанов ( 31% пайыз акциядан ие) және ОАОЭК бас директоры Валерия Ким (7%). Банктің тағы бір үлкен қатысушысы – БЖЗҚ, ол 11,52% қарапайым акцияға иелік етеді.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу