Ел қоржынына тағы бір алтын

901

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ел қоржынына тағы бір алтын Фото: IBA

Ол 54 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Ойбек Джураевпен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта Махмұд соққыларын дәл жұмсап, төрешілердің бәрін өзіне бұрды – 5:0. Екінші кезеңде бес қазының төртеуі басымдықты қазақ боксшысына берді. Үшінші раундта Махмұд Сабырхан қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. 

Сөйтіп оны бет қаратпай, айқын басымдылықпен ұтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу