Еліміздегі әрбір 20-шы ипотеканың мәселесі бар

2528

Өтелмей тұрған қарыздың жартысы валюталық ипотекаға тиесілі, мұндай қарыздардың үлесі негізгі борыштың 80%-нан асып кеткен.

Еліміздегі әрбір 20-шы ипотеканың мәселесі бар

Еліміздегі 227,8 мың келісімшарттың әрбір 20-шы ипотекалық несиесі проблемалық болып отыр. Биылғы жылы берілген ипотеканың жалпы көлемінде нашар несиелердің үлесі қазан айының басында 8,4% немесе 1,25 трлн теңгенің 12-ші бөлігін құрады. Бұл туралы abctv.kz-ке Ұлттық банк мәлім етті.

Проблемалық ипотека қарызының жартысы, яғни төлеу мерзімін 90 күннен (NPL) (105,3 млрд теңгенің 49,8млрд теңгесі) артық өткізіп алған несиелер валюталық қарыздарға тиесілі болып отыр. Биылғы жылдың 1 қазанында теңгемен және шетел валютасындағы ипотекалық несие қарызының орташа мөлшері тиісінше 5,3 млн және 16,1 млн теңгені құрады. 2014-2015 жылдардағы девальвациялардан кейін бұған таң қалудың да қажеті жоқ.

Қазақстандық банктердің ипотекалық қоржынының теңгелік бөлігі біршама жақсы, яғни негізгі қарыз сомасы 55,5 млрд теңге (тұрғын үй қарызының жалпы теңгелік портфелінен 4,6%) болатын несиелердің тек 3,7%-ы ғана (8,3 мың) "90+күн" мерзімін өткізіп алғандар санатына жатады. Реттеушінің мәліметіне сәйкес, теңге және шетелдік валютадағы проблемалық қарыздың орташа мөлшері сәйкесінше 6,7 млн және 19 млн теңге.

Қазақстан банктерінің ипотекалық портфелінің сапасы

Дереккөз: Қазақстан Ұлттық банкі, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша.

Реттеушінің ресми мәліметтері бойынша, соңғы екі жылда ипотекалық портфель көлемі 40%-ға өсіп, 884 млрд теңгеден 1,2 трлн теңгеге дейін жеткен. Бұл ретте негізгі өсім теңгелік несиелер есебінен болып отыр, ал валюталық ипотеканың көлемі екі есе қысқарған, яғни 110 млрд теңгеден 60 млрд теңге болған. Мұндай қарыздар бойынша орташа мөлшерлеме тап осы уақытта 9,3%-дан 9,5%-ға дейінгі аралықта болды, алайда "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғаннан кейін бәсеңдеген тренд қазан айының қорытындысы бойынша 8,3%-ға дейін көтерілген. Осы уақыт ішінде ай сайынғы берілетін ипотекалық қарыздардың орташа көлемі 27 млрд теңгеден 69 млрд теңгеге дейін екі есе өскенін реттеушінің статистикалық жинағынан көруге болады.

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу