Ержан Шынкеев – 2018 жылғы «Қазақстан Барысы»

Қазақ күресінен сегізінші рет ұйымдастырылған «Қазақстан Барысы – 2018» республикалық турнирінде Ержан Шынкеев топ жарды.   

01 Шілде 2018 21:31 Автор: Маруан Түсіп
Ержан Шынкеев – 2018 жылғы «Қазақстан Барысы», қазақ күресі, Қазақстан барысы, жеңімпаз , Ержан Шынкеев
Фото: vesti.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін сегізінші рет ұйымдастырылған жалпыұлтық жобаның финалында 37 балуан бақ сынады. Нақтырақ айтқанда, еліміздің 17 аймағында (14 облыста және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында), сондай-ақ әскерилер арасында өткен електік турнирлерде бірінші-екінші орын алған түйе балуандармен бірге өткен жылғы чемпион бас бәйгені сарапқа салды.

Осы ретте бір ескерте кетерлігі, біз бұған дейін «финалдық сынға 35 балуан қатысады» деп жазғанбыз. Өздеріңіз байқап отырсыздар, қатысушылар саны артып отыр. Себебі, Шымкент шаһарына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілуіне байланысты шұғыл түрде тағы екі балуан қосылды. Шымкенттегі іріктеу турнирінде Ержан Дүйсенбеков пен Әділжан Ыстыбаев үздік шығып, «Қазақстан Барысы – 2018» финалына жолдама алды. Ал бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысынан іріктеліп шыққан Ерсұлтан Мұзаппаров пен Бибарыс Әбдіғани Түркістан облысының намысын қорғады.

Шектен тыс шиеленісті өткен белдесулер аз болған жоқ. Өкінішке қарай, кейбір білекті балуандарымыздың жолдары електік кезеңде түйісіп қалып, елімізге танымал бірнеше саңлақтарымыз боз кілемнен ерте шығып қалды. Бұл ретте Ұлан Рысқұл, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов сынды тәжірибелі жігітеріміздің ширек финалға да жете алмағандарын атап өтуге болады.

Қызықтың бәрі ширек финалдан басталды. «Қазақстан Барысының» былтырғы жеңімпазы Еламан Ерғалиев пен биылғы «Әскер Барысы» Ерасыл Қажыбаев арасындағы белдесу өте тартысты өтті. Биылғы турнирдегі ең ауыр екі балуан ұзақ алысты. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмай, балуандарды ортада белдестіруге тура келді. Салмағы 145 келі Еламан 151 келі тартатын Ерасылдың белбеуінен қолын шығарып алып, жеңіліске ұшырады...

Осы белдесуде аяғын жарақаттап алған Ерасыл Қажыбаевқа одан әрі оңай болған жоқ. Жартылай финалда салмағы 90 келі «ғана» Ерсұлтан Мұзаппаровты ұтқанымен, финалда Ержан Шынкеевтен (131 келі) ұтылып қалды. Кеншілер өңірінің құрыш білек балуаны, Шынкеевті айтамыз, бұл жолы бағы жанып, «Қазақстан Барысы» турнирін жеңіп алды. Тәжірибесінің мол екендігін көресете біліп, өзінің табандылығы мен қайсарлығын паш етті.

«Қазақстан Барысы – 2018» жүлдегерлері:

1. Ержан Шынкеев – 25 миллион теңге (бапкеріне – 3,5 миллион теңге)

2. Айбек Нұғымаров – 5,5 миллион теңге (бапкеріне – 1,8 миллион теңге)
3. Ерасыл Қажыбаев – 1,8 миллион теңге (бапкеріне – 0,9 миллион теңге)

Іріктеу сатысы (жеңіске жеткендер бірінші жазылды)
Айбат Сейтен (Астана) – Алмас Жұмағали (Қостанай обл)

Мереке Тұрашев (Ақмола обл) – Күнәлем Ержанов (Маңғыстау обл)

Александр Касачев (Алматы облысы) – Мейрамбек Жаңабай (Маңғыстау обл)

Руслан Әбдіразақов (Алматы) – Әділжан Ыстыбаев (Шымкент)

Арман Махамбетов (Павлодар обл) – Темірлан Сапаров (Қостанай облысы)

Бірінші айналым (жеңіске жеткендер бірінші жазылды)
Айбек Нұғымаров (ШҚО) – Алтынбек Аусағитов (СҚО)

Айбат Сейтен (Астана) – Ержан Дүйсенбеков (Шымкент)
Дәурен Нұралинов (Алматы обл) – Ұлан Рысқұл (Алматы облысы)

Мереке Тұрашев (Ақмола обл) – Бекболат Салықов (Атырау облысы)
Мақсат Исағабылов (Қызылорда обл) – Әлібек Зекенов (Әскер Барысы)

Александр Касачев (Алматы обл) – Темірлан Көлбай (БҚО)
Ержан Шынкеев (Қарағанды обл) – Арман Қалиев (Атырау обл)

Ерсін Мұхаметжанов (Қарағанды обл) – Қайрат Махтин (Ақмола обл)
Ерасыл Қажыбаев (Әскер Барысы) – Руслан Әбдіразақов (Алматы)

Айдос Теңгебаев (Жамбыл обл) – Айтуар Абдулов (Астана)
Еламан Ерғалиев (Қазақстан Барысы-2017) – Еламан Қойшыбаев (Ақтөбе обл)

Мұхит Тұрсынов (СҚО) – Асқар Нұрмұханов (БҚО)

Ерсұлтан Мұзаппаров (Түркістан обл) – Айбол Айтбек (Жамбыл обл)

Арман Махамбетов (Павлодар обл) – Серік Сәлменов (Павлодар обл)
Нұрым Сәлімгереев (Қызылорда обл) – Мақсат Мәзібаев (ШҚО)

Бибарыс Әбдіғани (Түркістан обл) – Әділет Мисин (Ақтөбе обл)

Екінші айналым
Айбек Нұғымаров – Айбат Сейтен – таза жеңіс
Дәурен Нұралинов – Мереке Тұрашев – ұпай санымен;
Мақсат Исағабылов – Александр Касачев – таза жеңіс;
Ержан Шынкеев – Ерсін Мұхаметжанов – таза жеңіс;
Ерасыл Қажыбаев – Айдос Теңгебаев – ұпай санымен;
Еламан Ерғалиев – Мұхит Тұрсынов – ұпай санымен;

Ерсұлтан Мұзаппаров – Арман Махамбетов – таза жеңіс;
Нұрым Сәлімгереев – Бибарыс Әбдіғани – қосымша уақытта.

Ширек финалдық белдесулер
Айбек Нұғымаров – Дәурен Нұралинов – ұпай санымен;
Ержан Шынкеев – Мақсат Исағабылов – ұпай санымен;
Ерасыл Қажыбаев – Еламан Ерғалиев – қосымша уақытта;
Ерсұлтан Мұзаппаров – Нұрым Сәлімгереев – ұпай санымен. 

Жартылай финалдық белдесулер

Ержан Шынкеев – Айбек Нұғымаров – ұпай санымен;
Ерасыл Қажыбаев – Ерсұлтан Мұзаппаров – ұпай санымен.

Үшінші орын үшін
Айбек Нұғымаров – Ерсұлтан Мұзаппаров – ұпай санымен.

Финал
Ержан Шынкеев – Ерасыл Қажыбаев – ұпай санымен.

Маруан Түсіп