Футзал: Ойынның бірінші кезеңі аяқталды

799

Қазақстан командасы алда келеді.

Футзал: Ойынның бірінші кезеңі аяқталды Фото: Ақорда

Біржан Оразов пен Дуглас ұлттық құраманы есепте алға шығарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Астанада өтіп жатқан футзалдан Қазақстан-Нидерланд ойнында еліміздің командасы 2:0 есебімен алда келеді.

Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсету үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына келген болатын.

Мемлекет басшысымен бірге Ұлттық құрамаға кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және қақпашы Игорь Шацкий да қолдау білдіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу