RU KZ
TV
RU KZ
DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 168,62 РТС 1 173,28 KASE 2 291,22 FTSE 100 6 971,09 Бидай 516,60
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-2Астана
1.85Алматы
DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 168,62
РТС 1 173,28 KASE 2 291,22
FTSE 100 6 971,09 Бидай 516,60
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Гафур Рахимов – AIBA президенті

Гафур Рахимов – AIBA президенті

Мәскеуде өтіп жатқан AIBA Конгресінде жаңа презиент сайланды.

Гафур Рахимов – AIBA президенті  , бокс, AIBA, салмақ дәрежесі, Гафур Рахимов

1739 03 Қараша 2018 20:02 Автор: Маруан Түсіп

Мәскеу Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (AIBA) Конгресі өз жұмысын аяқтауға айналды. Бүгін президент сайлауы өтіп, өзбек Гафур Рахимов жеңіске жетті. Бұл ақпараты Ресей бокс федерациясының ресми сайты жариялады.

Аталмыш дерек көзінің мәлімдеуінше, Гафур Рахимов 86 дауыс жинапты. Ал Серік Қонақбаевтың неше дауыс алғанын жазбаған. Әрі сайлауға түскен бюллетендер саны да жазылмаған.

Алайда, Халықаралық Олимпиада комитеті AIBA-ның президенті Гафур Рахимов болғанын хош көрмейді. Жақында тіпті «AIBA президенті Гафур Рахимов болса, бокстың 2020 жылғы Токио Олимпиадасының бағдарламасынан шығарылып тасталуы әбден мүмкін» екендігін ескерткен болатын.

Ендеше, AIBA президентінің сайлауы мұнымен тәмамдалмайтын шығар. Әлі талай қызықтың куәсі болуымыз да ықтимал. Токио Олимпиадасына дейін қандай да бір өзгерістер жүзеге асса, оған да таң қалмаймыз...

Маруан Түсіп

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK