Халықтың теңгеге деген сенімсіздігі сөз жүзінде ғана

Камила Абдиева Камила Абдиева
1952

Ал шын мәнісінде, азаматтардың 25 пайызы долларларын өткізуде.

Халықтың теңгеге деген сенімсіздігі сөз жүзінде ғана

Сауал тасталғандар арасында теңгенің долларға шаққандағы бағамы әлсіреуін күткендер үлесі мамырда бірден 5,1 пайыздық көрсеткішке, 53,2%-ға дейін өскен. Бұл ретте теңгенің нығаятынына сенетіндер саны 3,5 пайыздық көрсеткішке, 7,4%-ға дейін өскен деп көрсетілген Ұлттық банктің тапсырысы бойынша GfK Kazakhstan-ның  инфляциялық болжам бойынша халық арасында жүргізген сауалнамасының есебінде.

Егер сауалнама мәліметіне сенетін болсақ, теңге әлсірейді дегендердің қатары биылғы жылдың қаңтарынан бастап төртінші ай қатарынан өсіп келеді. Ал теңге нығаяды дегендер қатары болса сиреп келеді. Сонымен қатар ЕДБ-дағы валюталар аралығындағы салымдар бойынша статистика да кері сипатқа ие.

Халықтың айырбас пунктерінде сатып алған шетелдік валюталарының таза көлемі сәуір айында шамалы ғана өскен. Бұл ретте валюталар аралығында долларға деген сұраныс бір ай ішінде төрт есе (-13,6 млрд теңге) түсіп, 44,56 млрд теңгеге дейін төмендеген және оның орны рубль (+13,5%, немесе +9,2 млрд теңге) мен еуроны (+24,6%, немесе +4,56 млрд теңге) сатып алумен толыққан.

Реттеушінің мәліметі бойынша мамыр айының басында жекелеген салымдардың долларсыздануы алтыншы ай қатарынан өсім көрсетіп отыр. Ал нақты көлемдегі теңгелік депозиттер жетінші ай қатарынан (осы уақыт ішінде өсім 18,7%-ға немесе 652,4 млрд,  4,15 трлн теңгеге дейін) өсуде. 2018 жылдың наурыз айынан бастап теңгенің орташа айлық бағамы өсіп келеді. 1 маусымда ол номиналдық көрсеткіште 2,3%-ға әлсіреп, бір доллар үшін 328,26 теңгеге дейін түсті.

Айта кетерлігі, жекелеген депозиттердің валюталық көшуіне қатысты мәліметтер реттеушінің тапсырысы бойынша өткізілген сауалнама мәліметтерімен сәйкес болды. Бұған басты себептердің бірі – бөлшектік салымдардың көп бөлігі шағын әлеуметтік топқа тиесілі. Сондай-ақ жекелеген сегменттің бизнестің реакциясы қарама қайшылығына деген серпіні болуы да мүмкін.

2018 жылдың I тоқсанында нақты жалақының өсуі соңғы үш жылда бірінші рет сауалнамаға қатысушылар үлесіне әкелді, яғни оларға қандай да бір соманы жинау (өсу  0,5 п. к., 19%-ға дейін) мүмкін болған. Сонымен қатар қандай бір жинаған қоры бар сауалнамаға қатысушылар үлесі өткен айда 2 пайыздық көрсеткішке, 23%-ға дейін төмендеген.

Азаматтар "ақша қорының" 66%-дан астамын банктердің депозиттерінде ұстаған. Ал 25,4%-ы қолында ұстаған, алайда егер соңғы екі жылдағы көрсеткішке қарайтын болсақ, онда бұл көрсеткіш ең төменгі деңгейде. Мамыр айында теңгемен жиналған қолма-қол ақшаның үлесі 82%-ға дейін өскен, яғни доллармен салыстырғандағы  төмендеу 7,3 пайыздық көрсеткіш, 21,3%-ға дейін болған.

Гүлназ Ермағанбетова, Камила Абдиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу