IFC елдің шағын қаржы саласына 44 млн доллар бөлді

20568

Шетелдіктер қазақ ауылдарына миллиондаған қаражат салады.

IFC елдің шағын қаржы саласына 44 млн доллар бөлді

Елдегі KMF шағын қаржы ұйымы алғашқылардың бірі болып бірқатар шетелдік инвесторлардан бірлестірілген несие алды. Олардың басында Дүниежүзілік банк тобының мүшесі – IFC халықаралық қаржы корпорациясы тұр. Несие берушілердің тізімінде IFC корпорациясынан басқа шағын қаржы нарығындағы Microvest (АҚШ), Bank im Bistum (Германия), Incofin (Бельгия) және Symbiotics (Швейцария) сияқты компаниялар бар. Инвесторлармен тартылған қаражат көлемі 44 млн доллар, ол үш жыл бойына KMF шағын қаржы ұйымы арқылы бірнеше траншта беріледі. Оның ұлттық валютадағы баламасы шамамен 14,5 млрд теңге (келісім жасаған кездегі Ұлттық банктің бағамы бойынша). Алайда несиенің бастапқы көлемі 25 млн доллар деңгейінде болған. KMF басқармасының төрағасы Шалқар Жүсіповтың abctv.kz-ке түсіндіруі бойынша, оның көлемін арттыру басқа инвесторлардың бір жарым жыл бойына әзірленген деталын келісімге қосу нәтижесінде болып отыр.

"Осы келісімге қатысушы несие берушілермен алдын ала келіссөз жүргіздік. Сол кезде олардың кейбіреуінің Қазақстанға жергілікті валютада жұмыс істемейтіні белгілі болды. Осының арқасында IFC бұл келісімді ұлттық теңгеде ұйымдастырды, олар қатысуға бас тартпады", – деп атап көрсеткен KMF басқармасының төрағасы, сондай-ақ халықаралық қаржы корпорациясы несие берушілердің барлық тәуекелін өзіне алғанын да айтып кетті.

IFC-тің Орта Азия бойынша аймақтық директоры Азии Моаззам Мекан KMF шағын қаржы ұйымы қарызды теңгемен беруге нақты тапсырыс жасағанын айтты. Келісімнің осы ерекшелігі шағын қаржы ұйымының клиенттерінің тәуекелін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

"Елдегі валюталық тәуекелдер туралы барлығы біледі деп ойлаймын. Сыртқы ортаның өзгеруі ұлттық теңгеге көп әсер еткені белгілі", – деді Азии Моаззам Мекан.

Келісімге қатысушылар тартылған қаражат негізінен шағын-, кіші және агробизнес кәсіпкерлерін несиелендіруге, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға жіберілетінін атап көрсетті. Сонымен бірге бұл несие KMF қаржы ұйымының несиелік қоржынын арттыруға және табысы төмен клиенттерді қамтуын кеңейтуге көмектеседі.

"IFC-тің біріктірілген несиесі барысында алынған қаражат кәсіпкерлерді қаржыландыруға, көбінесе, ауылдық жерде тұратын тұрғындарды қаржыландыруға қолданылады", – деді Шалқар Жүсіпов, сонымен бірге KMF қаржы ұйымының 2017 жылдың 1 қаңтарындағы несиелік қоржынында тұрған 50 млрд теңгенің 83%-ы тап осы шағын бизнес пен агросекторға тартылғанын айтып кетті.

"2016 жылы біздің несиелік қоржын 48%-ға, ал клиенттер саны 21%-ға артты. Мұның барлығы елдегі шағын бизнес секторының дамып жатқанын және кәсіпкерлерге жеңіл несиенің өте қажет екенін көрсетеді", – деді KMF басқармасының төрағасы. Бүгінгі күні KMF шамамен 180 мың клиентке қызмет көрсетіп отырғанын, оның 60%-дан астамы ауыл тұрғыны екенін атап кетуі керек. Компанияның 84 бөлімінің 74-і ауылдық жерде орналасқан ( сондай-ақ еліміздің ірі қалаларында компанияның 17 филиалы бар).

Жасалған келісімнің елдегі шағын-, және кіші бизнес секторы үшін өте маңызды екенін IFC өкілі де атап кетті. "Қазіргі уақытта ең бірінші үкімет бастамасымен қолдау тауып отырған қазақ экономикасын әр тараптандыруға бағытталған жеке секторды дамыту жөніндегі елдің дамыту бағдарламалары бағытында көп жұмыс жасап жатырмыз. Осыған байланысты экономиканың ең төмен сегментіне аса көңіл бөлеміз. Әрине, әңгіме ел экономикасын дамытуда өте маңызды болып табылатын шағын және өте шағын кәсіпорындар жайында болып отыр. KMF шағын қаржы ұйымы сияқты институттарға қолдау көрсете отырып, елдегі барлық шағын-, кіші кәсіпорындарды қолдауға өз күшімізді саламыз, осылайша IFC мандатын орындаймыз. Біздің тұрақты ынтымақтастығымыз Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға көмек болатынына сенеміз", – деді Азии Моаззам Мекан.

Ұлттық банк мәліметі бойынша, KMF компаниясы берілген несие көлемі бойынша елдегі шағын қаржыландыру нарығының ірі қатысушысы, ол нарықтың 53%-ын бақылап отыр (2016 жылдың 1 сәуіріндегі мәлімет бойынша). Ал "Бірінші несие бюросы" ЖШС-тің тың мәліметтерге сүйенсек, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша KMF-тің үлесі елдегі берілген жалпы шағын несие көлемінің 71,4%-ын құрайды, бұл – 130 млр теңгенің 93-і.

Былтырғы жылы берілген шағын несие саны бойынша KMF үлесі 50,8% болған, яғни 502012 шағын несиенің 246882-ы.

Қорыта келе айтарымыз, соңғы жылдары елдегі шағын қаржы ұйымдары санының артқанына қарамастан, елдегі бұл нарық әлі де қанат жая қоймаған. Елдің жиынтық несие қоржынындағы оның үлесі шамамен 1%-ды құрайды. Сонымен бірге Microfinance Information Exchange (MIX) халықаралық ұймының мәліметіне сүйенсек, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер аймағында Қазақстан шағын қаржыландырудың ең үлкен және дамыған нарығы болып табылады.

Microfinance Information Exchange мәліметі бойынша, былтыр Қазақстандағы ШҚҰ-ның жиынтық несие қоржыны 426 млн долларды (шамамен 140 млр теңге) құраған. Бұл – ЕАЭО экономикасына барлық ШҚҰ-мен ұсынылған несиенің жиынтық көлемінің шамамен 48%-ы. Салыстыру үшін айтатын болсақ, MIX бағалауы бойынша Ресей ШҚҰ-ның жиынтық қоржыны 128 млн долларды ( шамамен 42 млрд теңге) құрайды. Банктік емес ШҚҰ жиынтық қоржыны көлемі рейтингісінде Ресей тіпті Армения (181 млн доллар – 59 млрд теңге) мен Қырғызстаннан (151 млн доллар – 50 млрд тенге) кейін тұр. Ал Белоруссияда шағын несие нарығы мүлдем жоқ.

MIX ақпары бойынша, KMF компаниясы белсенді қарыз берушілер саны және несиелік қоржын көлемі бойынша ЕАЭО-ғы ең ірі шағын қаржы ұйымы.

Элина Гринштейн

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу