Инвестициялық резиденттік шетелдіктерді Қазақстанға қызықтыра қоймайды

Аскар Муминов Аскар Муминов
3333

Сарапшылар Қазақстанда Эстониядағы сияқты шетелдіктерге жылжымайтын мүлік сатудан пайда табу әлеуеті жоқ деп есептейді.

Инвестициялық резиденттік шетелдіктерді Қазақстанға қызықтыра қоймайды

Қазақстанға уақытша келетін шетелдіктерге көп пәтерлі үйлерден баспана сатып алуға рұсат берілуі мүмкін.

Бұл туралы "Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынасы және қайта жаңарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын одан әрі дамыту мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасында айтылған. Қазір құжат электронды үкімет сайтында талқыланып жатыр.

Енді тауарлық ауыл шаруашылығы өнеркәсібі мен ағаш егуге арналған жерден басқа олардың қызмет мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоса алғандағы жерлер , құрылыс салуға берілген жер учаскесі азаматтығы жоқ шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалардың жекеменшігінде болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының шекаралық аймақ және шекаралық белдеуде орналасқан жер учаскелері жекеменшікке берілмейді.

Тек таңдаулыларға ғана
Тұжырымдамаға сәйкес, уақытша келетін шетелдіктерге пәтер сатып алу құқын ұсыну – қазіргі құқықтық қайшылықты жартылай алып тастап, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға әкеледі.

Пилоттық жобаның тәртібінде аталған құқықты шетелдіктер тек Астана және Алматы қалаларында ғана іске асыра алады. Бұл талап бүгінгі күні Астана мен Алматы Қазақстанның басты туристік және іскери бағыттары болуымен түсіндіріліп отыр және негізгі төлемқабілеті басым шетелдіктер осы қалаларда тұрады.

Бұдан кейін пилоттық қалалардың тәжірибесін есепке ала отырып, шетелдіктер көптеп шоғырланған басқа облыстар мен қалаларда баспана сатып алуға рұқсат беруге болады.

Шетелдіктерге сатылатын пәтерлер 100 шаршы метрден кем болмау керек, бұл ауқатты шетелдіктерді, ықтимал инвесторларды тартуға және олардың елдің ішіндегі халықтың арасында сұранысқа ие эконом класты пәтерлерді сатып алмауына мүмкіндік береді.

Әзірге Қазақстаннан жылжымайтын мүлік сатып алу мүмкіндігі тек визасыз режим туралы келісім бар ЭЫДҰ мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтарына ғана берілмек. Басында аталған құқықты тек жоғарыда айтылған елдерге ғана беру ұсынылып отыр, өйткені олардан келетін көші-қон ағынының тәуекелі аз.

Тұжырымдаманы әзірлеушілер шетелдіктердің баспананы еркін сатып алуы елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға әсер ететіндігіне жарқын мысал ретінде Латвияны атап отыр. Сондай-ақ олардың ойынша, бай шетелдіктердің жылжымайтын мүлік сатып алу үшін Қазақстанға ағылуына "Астана" халықаралық қаржы орталығының толыққанды жұмыс істей бастауы ықпал етпек етуге тиіс.

Алайда әзірге сарапшылар ортасында шетел азаматтарының Қазақстанда жылжымайтын мүлік сатып алуға деген қызығушылығына қатысты күмән көп. Аbctv.kz-пен болған әңгімеде сарапшылар инвестициялық резиденттік шетелдік қаражат ағынын Қазақстанға көптеп әкелетініне күмәндары бар екенін айтты.

Алыпсатарлардың арманы
Wall Street Invest Partners сарапшысы Данияр Жұмекенов инвестициялық резиденттіктің болжамды бағдарламасы Орталық Азия, Ресей, Қытай инвесторларының қызығушылығын туғызуы мүмкін деп есептейді. Сарапшының айтуынша, Қазақстанның жылжымайтын мүлігі нарығына алыпсатарлықты мақсат еткен шетелдіктер қайдан болса да келуі мүмкін. Мұндай жағдайда жылжымайтын мүлікке инвестиция салу үшін шетелдіктерге инвестициялық резиденттікті ұсынудан түсетін пайда шамалы екенін айтып отыр.

"Инвестициялық резиденттік қағидасы жылжымайтын мүлік нарығы емес, тек қор нарығын дамыту позициясы тұрғысынан ғана қызықты деп ойлаймын. Өкінішке қарай, АХҚО шынайы қор нарығын дамытуға қатысты мүмкіндік пен уақытты босқа жіберуде. Шетелдік инвестор бүгін бар болса, ертең жоқ. Тіпті көршілес Ресейді мысалға алсақ та, олардағы отандық жеке инвесторды тарту мен өсіріп шығару тұрғысынан қызықты. Отандық жеке инвесторды тарту үшін жағдай жасау керек, ол үшін АХҚО-дағы ашық қор алаңдары арқылы өнеркәсіп пен индустрияны дамыту қажет. Осының артында шынайы және тиімді мемлекеттік-жеке серіктестік жатыр", – деді Данияр Жұмекенов.

Оның айтуынша, алғашқы кезеңде ашық қор алаңдарында жеке инвесторлармен келісім жасауға қатысты кез келген комиссияны алып тастау керек. Мемлекет үшін басқа кәсіби қатысушылардың биржа алаңындағы айналымдарының өсуінен түсетін салықтар жеткілікті.

"Тиімді отандық өнеркәсіпті дамытып, АХҚО-ның ашық қор нарығына алып шығатын жоғары санатты мамандарды Қазақстан шетелде қалайша дайындамады? Қазақстан әлемнің дамыған экономикасына кіргенде, жеке отандық инвесторлар сенімді тірек болатыны, сөзсіз. АХҚО-ның өтімділігі мен айналымы өскенде, адал шетелдік инвесторлар еш жеңілдік пен артықшылықсыз-ақ, Қазақстанға тек жылжымайтын мүлікті көтере сатып үшін емес, өз еріктерімен келетін болады", – деп атап кетті Данияр Жұмекенов.

Қызығушылық аз болады
"Альпари" инвестициялық компаниясының сараптамалық департаменті директорының орынбасары Наталья Мильчакова да инвесторлардың жаңа ережеге деген қызығушылығы аз болуы мүмкін екенін айтып отыр. Қазақстанда жылжымайтын мүлік сатып алғысы келетін ықтимал инвесторлардың қарасы тек Ресей немесе Еуразиялық одақ және ТМД азаматтарымен ғана шектелуі мүмкін. Қытайлықтарға бұл қызықты болмайды, олар бірінші орынға жекелеген жеңілдіктер емес, елдегі инвестициялық ахуалды қояды,

"Мұндай тәжірибе Латвияда болды, бірақ Латвияға қаржы құйғандар біріншіден Ресейдің инвесторлары болды. Екіншіден, Латвия тарихи курорттық теңізімен танымал және экскурсиялық туризм үшін өте сұранысқа ие өңір. Ал Қазақстанның курорттарының танымалдығы Балтық елдеріне қарағанда әзірге жоғары емес, сонымен қатар Қазақстанда тіпті Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елдерімен және ТМД-мен шетелдік туристер үшін айтарлықтай бәсеке бар", – деді Мильчакова.

Оның айтуынша, Қазақстанға бизнестерін дамыту үшін ұзақ уақытқа келуге ниетті бизнесмендерге ғана сенуге болады, бірақ та бұрын бұл ресейлік байлар болатын, алайда қазір олардың көбісі батыстың санкциясында отыр, сондықтан санкциялар жойылмайынша, шетелдік активтерге, тіпті таяу шетел активтеріне ақша салуға қорқақтайды деп отыр сарапшы.

Өте тиімді тәсіл
"Финам" КТ сарапшысы Алексей Коренев инвестициялық резиденттік жүйесі көптеген елдерде жақсы дамығанын және айтарлықтай танымалдыққа ие болғанын айтты. Бұл біріншіден қысқамерзімді алыпсатарлыққа емес, керісінше нақты секторға, мемлекет экономикасына жаңа инвестицияларды тартудың өте тиімді тәсілі. Сарапшы дегенмен де Қазақстандағы инвестициялық резиденттік белгілі негізді емес қиындықтарға тап болуы мүмкін деп отыр.

"Мемлекет экономикасына қажетті ақша қаражатын инвестициялауға салу шарты бойынша тұруға рұқсат беретін көптеген ел, өмір сүру сапасы тұрғысынан алып қарағанда, жоғары дамыған және айтарлықтай жайлы елдер санатына жатады. Инвестициялық резиденттік үшін мүмкіндік ұсынатын дамушы мемлекеттер саны көп емес. Осы арада Латвия жақсы үлгі боларлықтай, бірақ жартылай ғана, өйткені бұл елдің курорт жүйесі дамыған, өзі ЕО-ға кіретін Балтық теңізінің жағасында орналасқан, енді оған автоматты түрде дайын болатын Шенген визасын қосыңыз, сонымен қатар оның Еуропаның орталығына жақын орналасуы да бар", – деп атап кетті Алексей Коренев.

Кірістерді заңдастыру тәсілі
Сарапшы Қазақстан аталғандардың ешқайсысымен мақтана алмайтынын атап кетті. Сол себепті Қазақстанға инвестициялық резиденттік тек шектеулі тарауға және негізінен елде белгілі бір коммерциялық қызығушылығы бар бизнесмендер тарапынан ғана сұранысқа ие болуы мүмкін.

Бұл ретте шетелдіктерге баспана сатып алу құқын беру жылжымайтын мүлік нарығындағы төменгі сегменттегі емес, таңдаулы баспана сегментінде бағаны шарықтатып жіберуі мүмкін. Ал қарапайым қазақстандықтар мұны қатты сезбейді отыр сарапшы.

Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстанда жылжымайтын мүлік сатып алуы күдікті кірістерді заңдастыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Өйткені Батыста мұндай жағдайды жасыруға тырысады деп есептейді сарапшылар.

Асқар Момынов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу