IPO Air Astana-дан басталады

Куралай Абылгазина Куралай Абылгазина
13239

"Самұрық-Қазына" қоры жекешелендіру аясында өтетін IPO-ның өту мерзімін жария етті.

IPO Air Astana-дан басталады

"Самұрық-Қазына" қорының "еншілес" компанияларын IPO-ға алғашқы орналастыру мерзімі белгілі болды. Оны экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия мақұлдады. IPO-ға орналастырудың алғашқы кезегінде Air Astana тұр. Оның акциясы 2017 жылдың соңында немесе 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында орналасады деп жоспарланып отыр.

Аbctv.kz бұған дейін әуе компаниясының қазіргі екі акционері бірлесіп, акцияның 50%-ын сататынын хабарлаған. IPO өткеннен кейін "Самұрық-Қазына" мен BAE Systems-те акцияның 26% және 24%-ы қалады. Сонымен бірге, жекешелендірілетін үлестің жартысы ұлттық әуе тасымалдаушысы дәрежесін сақтап қалу үшін тек қазақ инвесторына сатылады.

Одан әрі 2017 жылдың аяғына қарай IPO-ға жоспар бойынша "Қазақтелеком" шығарылады. Осы орайда, компанияның 49%-ы қазірдің өзінде жекеменшікте екенін еске сала кеткіміз келеді. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында "Қазатомөнеркәсіптің" (сатуға қоятын үлесі – 25%) алғашқы акцияларын орналастыру жоспарланып отыр, ал содан кейін 2018 жылдың соңына қарай "ҚазМұнайГаз" АҚ акцияларының 25%-ын сатады. 2019 жылы "Қазпоштаның" (49%-ға дейін) және "Самұрық-Энергоның" (кемінде 25%-ы) акцияларын орналастырылады. Айта кетейік, "Самұрық-Энергоның" сатуға қоятын үлесі өсуі мүмкін.

"Самұрық-Энергоның" орналастыруға қоятын үлесі шамамен 25%, 51%-ды ұсынуымыз да мүмкін", – дейді қор басшысы.

2020 жылы "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның 25%-дан 49%-ға дейінгі акциялары сатылады. "Самұрық-Қазына" мұның алдында компанияның қаржылық жағдайын қалыпқа келтіру жөнінде іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, "Тау-Кен Самұрық" және Qazaq Air басшылары да өз акцияларын орналастырмас бұрын компанияларының инвестициялық тартымдылығын арттыруы керек.

"Осыған байланысты қор мемлекеттік комиссия отырысында IPO-ға қатысуға дайындалып жатқан компания үшін тариф жасайтын және реттеуші базаны өзгертуге қажетті іс-қимылдардың тізімін берді. Бұл олардың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қажет. Осыған қатысты ұлттық экономика министрлігінде жұмыс тобын құруды ұсынып отырмыз. IPO-ға қатысу үшін барлық активті сапалы дайындау үшін жұмыс тобының құрамына салалық ведомостволарын, біздің компанияларымызды, "Атамекен" КҰП-ты қосып, реттеуші базаға қандай өзгерістер енгізу керектігін шұғыл қарастыру керек. Бұл процесс бір жылдан екі жылға дейінгі уақытты алатыны белгілі", – дейді Өмірзақ Шөкеев.

Қордың барлық тоғыз еншілес компаниясының IPO-сы Лондон, Гонконг биржасында және "Астана" халықаралық қаржы орталығында өтуі мүмкін.

"Қазіргі уақытта осы компаниялардың қосарлы листингін, яғни, IPO-ны Лондон және Гонконг биржасында, сонымен бірге, өзімізде АХҚО-да да өткізу мәселесі қарастырылып жатыр", – дейді ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

"Самұрық-Қазына" 217 активті жекешелендіреді, ол екі тізімге бөлінгенін еске сала кеткіміз келеді. Алғашқы 44 ірі компания тәуелсіз кеңесшілерді тартумен ерекше тәртіпте сатылады, тағы 173 құрылым электронды аукционда сатылады.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, 2016 жылы екінші тізімдегі активтердің сатылуына күш салынған. 173 активтің ішіндегі 117 компания сатылып, таратылып, қайта құрылды, ал электронды аукционда 15 актив бар. Әртүрлі себептермен тізімнен екі актив – "Қайрат" ФК және "АПМЗ" ЖШС-і шығып қалды. Тағы үш компания – "ҚазОйлМаш" "Астық Транс", "ҚазИнжЭлектроникс" мемлекеттік комиссияның келісім беруін күтіп отыр. Екінші тізімдегі қалған 36 активке электронды аукцион тәсілі қолданылмайды.

Алғашқы тізімдегі (қордың ірі 44 компаниясы) 11 активті сату тәсілі туралы мемлекеттік комиссияның шешімі қабылданды. Мысалы, екі кезеңді ашық байқаумен "Транстелеком" (ҚТЖ), "Евро-Азия Эйр" (ҚМГ), "Самұрык-Энергоның" 4 активі, Маңғыстау ЭҮК, Шығыс Қазақстан ЭҮК, Ақтөбе ЖЭО, "Тегіс Мұнай" сатылады. Тікелей сату арқылы ҚТЖ төрт активі жекешелендірілетін болды.

"Жыл соңына дейін екі активке қатысты мәміле жасалады деп күтіп отырмыз. Ал қалған екеуі бойынша 2017 жылдың бірінші тоқсанында жасалады. Бұл активтерді сатудан түсетін соманың көлемі 2017 жылдың бірінші тоқсанында шамамен 400 млрд теңге болады", – деп қорытындылады Өмірзақ Шөкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу