Ипотекалық қарызы бар тұрмысы төмен тұрғындар үйінен шығарылмайды

5183

Қазақстанда ипотекалық қарызы бар әлеуметтік осал топқа жататын қарыз алушылар бір жыл үйінен шығарылмайды және баспанасы сатылмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.  

Ипотекалық қарызы бар тұрмысы төмен тұрғындар үйінен шығарылмайды

Биыл қыркүйекте аталған агенттік, Алматы қаласы әкімдігі, банк омбудсмені, банктер және қоғамдық бірлестіктер арасында халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын қарыз алушылардың ипотекалық қарыздары бойынша азаматтардың жалғыз баспанасын сатуды және баспанасынан шығаруды тоқтата тұруды көздейтін өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

"Меморандумның мақсаты – тараптардың проблемалық берешекті, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру бағдарламасының талаптары бойынша қайта қаржыландырылған берешекті реттеу шараларын қабылдауы арқылы ХӘОТ-қа жататын қарыз алушылардың (қоса қарыз алушылардың, кепілгерлердің, кепіл берушілердің) құқықтарын қорғау болып саналады", - деп жазылған хабарламада.

Меморандумға сәйкес, проблемалық берешекті реттеу, баспанасынан шығаруға байланысты мәселені шешу және келісімге қол жеткізу, сондай-ақ қарыз алушының қол жеткізілген келісімді тиісінше орындау кезеңінде банктер:

1.       Ипотекалық шарттардан құқықтық қатынастар негізінде туындаған берешекті өндіріп алу үшін сот шағым-талаптарын беруді, атқарушылық жазбаны орындау үшін нотариусқа жүгінуді;

2.       Банк балансына қабылданғанды қоса алғанда, жалғыз баспанасын сатуды;

3.       Қарыз алушыларды, оның ішінде банктің балансындағы осы мүліктің бұрынғы меншік иелерін баспанасынан шығаруды тоқтата тұрады.

Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енген. Оның мерзімі – 12 ай бойы.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу