Ірімшік өндірісіндегі іркіліс

Қостанай облысында фермерлік ірімшік қайнататын өндіріс орнын ашуға қатысты шағын жоба неге барлық деңгейде қолдау көріп отыр?

19 Шілде 2018 13:30 Авторлар: Татьяна Шестакова Гүлназ Ермағанбетова
Ірімшік өндірісіндегі іркіліс,  Ірімшік, ірімшік өндіретін өндіріс орны, ШОБ, ЖҚШ, сүт өнімдері, кәсіпкерлік, азық-түлік өнімдері

Таранов ауданының Майский кентінде ірімшік дайындау тек биыл ғана басталды. Бұл бизнесті ашуға нарықтағы жағдай түрткі болды. Жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) кенттегі табыс табудың бірден бір көзі болып отырғанына да біраз болған. Адамдар малды өсіріп, етке өткізеді, сүт сатады. Ал жазда өңдеушілер сүттің бір литрін 70-75 теңгеден алады. Бұл фактор кооперативтердің мүмкіндігін ескерген күннің өзінде шаруашылықты дамытуды ынталандырмайды.

Нарықтық қайта бөліс

Егер 2017 жылдың қорытындысын сараптайтын болсақ, онда ЖҚШ-ның барлық аудандарындағы сүт өндіру бұрынғы деңгейде қалғанын немесе айналымды азайтқанын көруге болады. Жалпы көрсеткіште тек Рудный ғана алға шығып тұр, ондағы сүттің мөлшері үш есе өскен. Ал осы аудандардағы кооперативтік шаруашылық немесе ірі ауылшаруашылық қожалығындағы орташа өсім 5-6% ғана.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2017 жылы Қостанай облысы 389 мың тонна сүттің орнына 382,5 мың тонна ғана сүт өндіріп, сауылған сүтке қатысты жоспарды орындамаған. Өңірдегі ауыл шаруашылық басқарамасының өкілдері бұған ЖҚШ-дағы өндірістің төмендегені себеп болды деп отыр. Жеке қосалқы шаруашылық сүтті 16,7 мың тоннаға аз өндірген. Орны толмай қалған шығын ірі шаруашылықтар мен кооперативтердің арқасында толыққан. ЖҚШ-дағы өндіріс көлемінің қысқарып бара жатқаны соңғы жылдары айқын байқалуда. Бұған Денисовск ауданындағы жағдай айқын дәлел. Ол жердегі сүт фермалары 2017 жылы көлемді екі мың тоннаға дейін арттырған болса, жекеменшік үйлердегі сүт өндіру көлемі осынша төмендеген. Шикізатты өткізу мен сатып алу бағасының төмен болуы ЖҚШ-дағы сауылған сүттің төмендеуіне негізгі себеп болған.

Алайда статистика комитетінің жариялаған мәліметіне назар аударатын болсақ, алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы шаруашылықтың  барлық түрі бойынша сауылған сүттің көбейгенін көрсетеді. Орташа есеппен алғанда 6,6%-ға өскен. Мұның себебі неде деген сауалға жауап берген өңірдегі ауыл шаруашылық басқарамасы өндіріс көлемінің артуына АТК-ның  (ауылдық тұтыну кооперативтері) сүтке қатысты жұмысын ретке келтіру, сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама аясында шағын несие беру шарттарының жақсарғаны себеп болғанын айтты. Қостанай облысындағы кәсіпкерлер палатасы несие алуға өтініш бергендердің басым бөлігі мал сатып алғылары келетініне тоқталды.  

Өткен жылдары шикізатты өткізуге қатысты қиындықтың болғанын ескере отырып, мемлекеттік органдар мен КҰП ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуге байланысты, оның ішінде сүтке қатысты барлық жобаны басынан бастап қадағалап отырады.

Зауыт мәселесі
Қазірдің өзінде Қостанай облысында шағын бизнестің сүтті өңдеуге қатысты бірқатар жобасы іске асқан. Мәселен Қостанай облысында ауылдық жердің тұрғыны несие алып, бірнеше ірі қара мал сатып алған. Енді қазір ашытылған сүт өнімдерін, құрт, жент және басқа да өнімдерді өндіріп жатыр. Ал Тарановск ауданындағы ірімшік қайнататын өндіріс орнын ашуға грант берілген. Кәсіпкерлер биыл көктемде жұмсақ итальяндық кочотта және рикотта ірімшігінің алғашқы өнімін шығарғаннан кейін, мемлекеттік қолдауға ие болды.

Жобаның қолдау көретіні о баста-ақ белігілі болды, оған себеп те жоқ емес. Басты себептің бірі –  бұл Тарановск ауданындағы Майский ауылындағы ірімшік қайнататын өндіріс орны  аудандағы жалғыз сүт өңдейтін өндіріс. Бұған дейін ауыл адамдарының сүтін Рудный қаласындағы бір өңдеуші сатып алатын. 

Ірімшік қайнататын өндіріс орны шағын және автоматтандырудың ауылынан алыс болса да, тұрақты жұмыс орнын құруға, сондай-ақ жергілікті тұрғындарға үнемі сүт өткізуді қамтамасыз ету де айтуға тұрарлық маңызды нәрсе. Кәсіпкер Наталья Ержанованың грант алу үшін ұсынған бизнес-жоспарына сүйенер болсақ, жабдықты сатып алып, орнатқаннан кейін, олар күн сайын 500 литрге дейін сүт өңдейтін болады. Қазір ірімшік қайнататын өндіріс орны күніне 100 литрге дейін сүт сатып алады.

Үлкен ойын

Осы шағын өндірістің бас технологы Людмила Рыжкова өз қалтасынан ақша шығарып, бірнеше оқуды тәмамдаған. Ірімшік өндірушілер, сарысу мен ферментті таңдап, технологияны меңгергенге дейін қанша өнімді итке тастағандарын айтып отыр. Бизнесті күніне 10 литр сүттен ірімшік жасаудан бастаған олар қазір 150 литрге дейінгі сүтті өңдей алады. Ал одан 16 келі рикотта мен кочотта шығады.

Тынбай жұмыс істеудің нәтижесінде шығарылған рикотта ірімшігінің барлық көлемін жергілікті наубайхана сатып алады. Олар енді ресейлік өндірушіден сүзбе сатып алуды азайтқан. Ал кочотто ірімшігі болса қолда сиырларға ветеринарлық паспорт пен сүт сараптамасы болғандықтан, ауылдағы дүкендерге таратылады. Өндіруші өнім құрамында консерванттар болмағандықтан, бұл ірімшікті сақтау мерзімін тек екі ай деп белгіледі.

Майский ауданыда өндіріліп жатқан ірімшікке қостанайлық мейрамханалар мен сауда желілері қызығушылық таныта бастады. Бірақ та ірімшік қайнататын өндіріс орнының иелері әзірге сауданың бұл деңгейіне шыға алмай отыр. Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының Қостанайдағы филалының сараптау және сәйкестігін растау бөлімінің басшысы Гүлнар Аңсағанова бұл үшін өндіріс орны ЕАЭО стандартына сәйкес декларация алу керектігін айтты.

«Бұл құжатты алу үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және өнім санэпидстанцияның санитарлық талаптарға сай келеді деген өндіруге арналған қорытындысы болу керек. Бұған қоса өндірушілердің өндіретін ірімшігінің әртүрін сынақтан өткізу хаттамасы, құрамын, жарамдылық  мерзімін  көрсететін өндірушінің  таңбалау үлгісі және басқа да қажетті ақпарат екі тілде көрсетілуі керек», –  деді Гүлнар Аңсағанова.

Кәсіпкерде әзірге тек мемлекеттік тіркеу куәлігі ғана бар. Қалған құжатты рәсімдеуге 100 мыңнан артық ақша қажет. Мамандардың айтуынша, оның ішінде ең қымбаты сынақтан өту.

Мерзімге үлгеру
Ірімшік қайнататын өндіріс орнының ашылғанына аз ғана уақыт болғандықтан, өз ғимараты болмай отыр. Барлық өндірістік процесс қайта жабдықталған жазғы ас үйде өтеді. Ол жерде мұздатқыш пен фермерлік ірімшікті өндіруге қажет жабдық тұр. Ал цехқа қажет ғимаратты табу оңайға соқпай отыр.

«Бізге аудандық КҰП филиалы мен әкімдіктің көмек көрсеткені жақсы болды. Қазір жер учаскелері мен имараттың бірнешеуін қарап шықтық. Олардың ешқайсысы арнайы экономикалық аумақ талабына сай келмейді. Талап бойынша ғимараттың ауданы 50 метрден кем болмауға тиіс, сонымен қатар басқа өндірушілермен бір жерде жұмыс істеуге де болмайды және су тартатын жерден 500 метр қашықтықта орналасу керек. Қазір қажет жерді тапқан сияқтымыз. Құрылыс салу үшін алты млн теңге көлемінде несие алуға өтініш бердік», –  деді Наталья Ержанова.

Кәсіпкерлер егер билік пен КҰП-тың қолдауы болмағанда өздерінің шамалары келмейтінін мойындап отыр. Осы арада егер жобаны мемлекеттік орган қадағалайтын болса, онда қаражатты бөлу мен шешім қабылдауға қатысты мәселелер айтарлықтай жылдам шешілетінін айта кету керек.

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Шестакова