Қай банктің жарнамасы тиімді жұмыс істейді

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
3485

Жыл басынан бері жарнамаға ең көп ақша салған банк Каспий банкі екен.

Қай банктің жарнамасы тиімді жұмыс істейді

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында елдегі банктердің жарнамаға салған ақшасының жалпы көлемі 3,2 млрд теңге болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27,8% артық. Былтырғы жарнама бюджеті 2,5 млрд теңге болған еді.

Жарнамаға ең көп ақша салған банк Каспий банкі екен. Жарты жылда бұл банк жарнамаға 1,4 млрд теңге жұмсаған. Ал өткен жылдың алғашқы жарты айында аталған көрсеткіш 1,2 млрд болған еді.

Екінші орында Халық банкі. Банк өзін өзі жарнамалау үшін 864 млн теңге жұмсапты. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 288 млн теңге еді.

Үшінші орында Форте банкі. Бұл банктің жарнамаға құйған инвестициясы өткен жылғы жартыжылдықпен салыстырғанда 2 млн теңгеге азайып, 499 млн теңгені құрады.

Төртінші орындағы Цесна банкі былтыр жарнамаға 362 млн теңге салса, биыл бұл көрсеткіш 337 млн теңге ғана.

Үздік бестікті қорытындылаған Сбербанктің жарнамаға салған ақшасы 153 млн теңге. Өткен жылы аталған көрсеткіш 288 млн теңге еді.

Жалпы, биылғы жартыжылда банктердің операциялық шығындарының тек 2,1 пайызы ғана жарнамаға тиесілі екен. Мұнда да Каспий банк жетекші орында. Каспий банктің операциялық шығындарының 4,7 пайызы жарнамаға шығындарынан тұрады.

Жарнама үшін құйған ақшаның көбейгенімен қатар осы уақыт аралығында банктердің таза пайдасының артқаны да белгілі. Жарнама бюджеті былтырғыдан 27,8% көбейсе, ал таза пайда 122,1 млрд теңгеден 170,3 млрд теңгеге артып, 39,3% өсіп отыр.

Бірінші жартыжылдықта ең көп таза пайда тапқан банк Халық банкі. Бұл банк таза пайданы 8% ұлғайтып, 85,2 млрд теңгеге жеткізген. Екінші орындағы Каспий банктің таза пайдасы 126,6% көбейіп, 46 млрд теңгеден асты. Ал Сбербанк тіпті таза пайдасын 3,4 есеге көбейтіп, 24,4 млрд теңгеге жеткізді.Өз кезегінде Форте банкі керісінше таза пайдасын 6,1 млрд теңгеден 11 млрд теңгеге жеткізсе, Цесна банкінің таза пайдасы керісінше 9,4 млрд теңгеден 3,1 млрд теңгеге азайып кетті.

Жоғарыда айтылған жарнама шығындарына қайта оралар болсақ, банктердің жарнамаға көп ақша салуы оның табысының өсуіне кепіл болмағанына көзіміз жетеді. Мәселен, Сбербанк жарнамаға салған әрбір теңгесіне 158,7 теңгеден қайтарып алған. Халық банктың жарнамаға құйған инвестициясы 97,6 пайыз өсіммен қайтса, Каспий банктің жарнамаға құйған ақшасы бар болғаны 32,7 есе өсіммен келген. Ал Форте банктің жарнамаға салған қаражаты 21 есе пайда болып қайтса, Цесна банкі жарнамаға салған әрбір теңгесін 8 теңге етіп қайтарып алған.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу