Қазақстан чемпионатының футболшылары "миллионерлер" қатарында

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2587

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының ойыншылары орта есеппен, жылына 148 513 доллар алады екен.

Қазақстан чемпионатының футболшылары "миллионерлер" қатарында  Фото: fcastana.kz

Спорт саласындағы жалақыларға күнделікті шолу жүргізіп отыратын sportingintelligence сайты футболдан әлемдегі барлық елдердің чемпионаттарындағы футболшылардың жалақыларын зерттеп, талдап шығыпты. Әрі 2018 жылы қай лиганың футболшылары қанша жалақы алғандарын жариялады.

Аталмыш басылымның деректеріне сенсек, Қазақстан премьер-лигасындағы футболшылар орта есеппен жылыны 148 513 доллар ақша алады екен. Бұл – 55 миллион теңгеге жуық қаражат! Ал көш басында – Англия және Испания чемпионаттары. Біздің премьер-лигамыз бұл тізімде 25-орында тұр.

Аталған сайттың зерттеулерімен және есептемерлерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады – http://globalsportssalaries.com/GSSS%202018.pdf

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу