Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

528

Ойын 11 маусым күні Мажарстанның Сомбатхей қаласы, "Халадаш" стадионында өтеді. 

Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді Фото: insports.kz

Қазақстан футбол федерациясы мен Әзербайжан футбол федерациялары қауымдастығы жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді.

Басталуы – Астана уақытымен сағат 21:00-де (жергілікті уақытпен – 18:00-де).

Әзербайжан құрамасы ФИФА рейтінгінде 112-орында орналасқан. Осыған дейін екі елдің құрамалары 8 рет кездесіп, Қазақстан төрт рет, Әзербайжан екі рет жеңіске жеткен болатын. Екі ойын тең аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Магомед Адиев шәкірттері наурыз айында соңғы кездесулерін өткізді. Олар Түркіменстанды жолдастық кездесуде 2:0 есебімен жеңді. Содан кейін Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекия құрамасынан ( 0:5) және Люксембургпен (1:2) қарымта жолдастық ойында жеңіліс тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу