Қазақстан мен Қытайдың кедендік статистикасындағы алшақтық 1,5 есе өсті

3218

Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 10,5 млрд долларды құрағанын ескерсек, өзара саудасындағы екіұштылық мөлшері  7 млрд долларға жетті.

Қазақстан мен Қытайдың кедендік статистикасындағы алшақтық 1,5 есе өсті

Қазақстан мен Қытайдың кедендік статистикасындағы алшақтық көрсеткіші 2017 жылы 1,5 есе, яғни 6,92 млрд долларға дейін өсті. Бұл туралы abctv.kz-ке қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) хабарлады.

"Біздің қытай тарапымен ынтымақтастығымыздың ең басты және маңызды сұрақтарының бірі – бұл ҚХР мен Қазақстан арасындағы статистикадағы алшақтық. ҚХР мемлекеттік салық әкімшілігі делегациясының Қазақстанға сапары барысында бұл мәселе күн тәртібінде болды", - деді МКД төрағасы Ардақ Теңгебаев салық ынтымақтастығы форумының сыртында болған әңгімеде.

Оның сөзінше, тараптар статистикалық көрсеткішті сәйкестендірудің жолдарын қарастырып жатыр.

"Біріншіден, біз ақпаратпен алмасуға келістік. Ақпарат алмасу  қазірдің өзінде жүріп жатыр, бірақ тіпті осы алмасудың өзінде де туындап отырған мәселелер бар. Қазір манифестермен алмасып жатырмыз. ҚХР бізге Қазақстанға келетін тауарлар бойынша манифестерді беруде. Осы манифестерге қарап отырып, кей жағдайда манифестер дұрыс болмайтынын көріп отырмыз. Бұл мәселелерді қытайлықтармен әркез талқылаудамыз", – деп түсіндірді Ардақ Теңгебаев.

Қазақстан мен Қытайдың өзара саудадағы  сәйкессіздігі 2016 жылы 4,6 млрд долларды құрап, осы деңгей шамасында құбылып тұрды. Алайда өткен жылдың қорытындысы алшақтықтың айтарлықтай болғанын көрсетеді. 

Екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 2017 жылы үш есе (32,6%, +2,6 млрд доллар), 10,5 млрд долларға дейін өсті деп көрсетті МКД статистикасы. ҚХР-мен  саудадағы оң сальдо өткен жылы екі есе өсіп, 1,09 млрд долларға дейін (экспорт – 5,8 млрд, импорт – 4,7 млрд доллар) жетті. Алайда алшақтық мөлшері (6,92 млрд доллар) өзара саудаайналымынан 66%-ға асып түсіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен жоғары болды.

Қазақстанның ең басты экспортқа шығарған тауарлары: тазартылған мыс пен оның қорытпасы (1,1 млрд доллар), радиоактивті элементтер (1,02 млрд), мыс концентраттары (915,7 млн), ферроқорытпа (867,6 млн), мыс (853,4 млн), мырыш (325,5 млн) және газ (127,8 млн) болды. Ал ҚХР-дан көбінесе ұялы телефондар/аппараттар (464,6 млн доллар), аяқ киім (120 млн-ға жуық), сондай-ақ басқа да бірқатар тауар әкелінеді.

Қытай мемлекеттік салық әкімшілігі комиссары Ван Цзюня мырзаның Қазақстанға сапары барысында тараптар өзарашекараның периметрі бойынша өткізу бекеттерін жаңғыртуға келісті.

"Осы сапар барысында өткізу бекетін жаңғырту үшін қарыз тарту жөніндегі шектемелі келісімге қол қойылады. Ол жерде біздің алдын ала ұсынған 120 млрд теңгеден астам қаражатымыз бар. Бірақ келісім шектемелі болғандықтан, бұл сан нақтыланатын болады", – деп атап кетті Ардақ Теңгебаев abctv.kz -пен болған әңгімеде.

Бұл сапар 14 мамыр мен 16 мамыр аралығында Астанада қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер департаменті, ҚХР мемлекеттік салық әкімшілігі және  ЭЫДҰ-ның салық саясаты және әкімшілендіру орталығының ұйымдастыруымен өткен "белдеу мен жолдар" бастамасы аясындағы салықтық ынтымақтастық форумы шеңберінде жасалды.

Шараға 49 елдің салық органдарының 300 өкілі қатысты, оның ішінде төрт халықаралық және аймақтық ұйымдардың, алты ғылыми академияның 250-ден астам басшылары мен орынбасарлары, сондай-ақ бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

Форум барысында тараптар форумның басты бес тақырыбы бойынша пікір алмасты, нақтырақ айтар болсақ, "Заң үстемдігіне сәйкес салық салу", "Салық төлеушілерге арналған қызмет", "Дауларды реттеу", "Әлеует пен ынтымақтастықты арттыру" тақырыбы сөз болды.

"Белдеу мен жолдар" бастамашысы елдердің экономикалық жағдайы мен мәдениеті әртүрлі болғанына қарамастан, олар осы бес бағытты бірдей қарастырады. Шараға қатысушылар пікір алмасып, салықтық әкімшілдендіру сауда мен инвестицияларды ынталандыруға тиіс дегенге келісті.

Ван Цзюнь сапар барысында Қазақстанның қаржы министрі Бақыт Сұлтановпен кездесті.

"Сол сапар барысында "Бір белдеу, бір жол" бастамасының негізінде елдердің салық органдары арасындағы ынтымақтастықтың тиімді тетігін құру идеясы айтылған болатын", – деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

"Жаңадан қайта  құрылған механизм аясында дамытылып келе жатқан ынтымақтастық келешекте ақпаратпен алмасу, институтциональдық даму, ҚҚС-ны әкімшілдендіру, электронды сауда мәселесін, сондай-ақ қазіргі кездегі салықтық әкімшілдендірудің басқа да  маңызды мәселелерін тиімді шешу мүмкіндігін ұсынады", – деп көрсетілген таратылған баспасөз баянында.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу