Қазақстандағы хостел иелері: "Біз қонақүйлерден нарықтың бір бөлігін тартып аламыз"

15274

Саланың сарапшылары қонақүйде тұру бағасының қымбаттығы мен олардың толмау себептерін талқылады.

Қазақстандағы хостел иелері: "Біз қонақүйлерден нарықтың бір бөлігін тартып аламыз"

Ақиқат пен аңыз туралы

III халықаралық қонақүй форумы аясында белгіленген Қазақстанның қонақүйлер мен мейрамханалар қауымдастығының (ҚҚМҚ) мәліметі бойынша, Қазақстанда соңғы жылдары жолаушылардың атбасын тірейтін нысандар саны күрт көбейген. Егер 2009 жылы елдің қонақүй қызметінде ұсыныс сұраныстан асып түсіп, баға баяу өсіп, әр клиент үшін таласуға тура келсе, 2015 жылдан бастап жағдай өзгере бастады – қонақүй қызметтеріне деген сұраныс барлық ел бойынша өсе бастады, ал ірі мегаполистерде бесжұлдызды және Luxury қонаүйлер секторы қарыштап дами бастады. Тек қана Астананың өзінде бір жылда 40 қонақүй салынды, осылайша 2015 жылы 150 қонақүй болса, 2016 жылы саны 194-ке жетті. Ал Алматыда 2016 жылдың аяқ кезінде 160 қонақүй жұмыс істеп тұрды. Айта кету керек, бұл екі мегаполисте жуырда Sheraton, Wyndham, Hillton, The St. Riges, Kempinski, Novotel секілді ірі халықаралық желілердің бірнеше қонақүйін ашу жоспарлануда.

Жалпы елдің қонақүй секторы 2015 жылы 2338 нысаннан құралса, 2016 жылы бұл сан 2754-ке жетті. Оның ішінде 77 қонақүй мемлекет меншігінде, 2647 жекеменшік қолында, шетелдің үлесі бар нысандар саны 40-тан асты, ал толығымен шетелдің меншігінде 30 қонақ бар.

Айта кету керек, бүгінде Қазақстанда 610 мейрамханамен біріккен қонақүй және 1109 мейрамханасы жоқ қонақүй, 74 демалыс үйі, 14 мотель, 25 пансионат, 87 балаларға арналған лагерь, 746 бірқабатты ауылдық үй, 3 трейлерлік саябақ пен ойын-сауық қаласы, 32 туристік база және 20-дан астам кемпингтер жұмыс істеп тұр.

ҚҚМҚ президенті Рашида Шайкенованың айтуынша, қонақүй нысандарының жартысынан көбі, дәлірек айтсақ 1,5 мыңы санатсыз қонақүйге жатқызылған.

"Туризм туралы заңда жайғасу орнын ашатын кәсіпкер сертификаттаудан өтуге міндетті деп қысқа да нұсқа жазылған. Бірақ басқа заң бар, техникалық регламент, онда қонақүй қызметтерін сертификаттау ерікті негізде жүргізілетіні жазылған. Ал Қазақстанда біреуге өз еркімен бір нәрсе істетіп көр.Сондықтан бүгінде нарықта санатсыз қонақүйлер саны қаптап кетті. Ал олардағы сапа мәселесі өткір тұр. Сыртынан қарағанда тәп-тәуір қонақүй болып көрінуі мүмкін, бірақ бөлмеңе орналасқан кезде үлкен тоңазытқыш, кілем ілінген қабырғалар мен төбені көріп шошисыз. Біздің танымымызда осы дәулеттік көрсеткіші. Біздің туризм индустриясының комитеті қонақүй саласындағы біріне-бірі қарсы келетін заң нормаларын ретке келтіру керек деп ойлаймын", – деді ол.

Бүгінгі күні Қазақстан қонақүйлеріндегі бағаның шарықтап тұруы бизнестің еркіндігімен түсіндіріледі, оған өз шарттарың бойынша жұмыс істете алмайсың. Оған қоса, Райшида Шайкенованың пікірінше, қазақстандық қонақүйлердің қымбат болуы туралы әңгіме отандық бизнеске әділетсіздік танытқанымыз болар еді. Не дегенмен, статистикаға сүйенсек, ел бойынша тәулігіне жататын бір орынның орташа бағасы 5000 теңгені құрайды, демек осындай баға бойынша сай келетін орын табуға болады. ЭКСПО көрмесі кезінде елорда қонақүйлеріндегі бағаның 20-30%-ға өсуін, сұраныстың артуымен түсіндіруге болады.

"Барлық елеулі оқиғалардың тарихына шолу жасап көріңізші, мұндай кезде үнемі баға өсетінін байқайсыз. Жер, мүлік салығы және жұмыскерлерге берілетін еңбекақы сияқты бағаны қалыптастыратын нәрселер көп. Барлығымыз дүкен аралаймыз және жыл сайын баға өсіп келе жатқанын көреміз, қонақүй де дәл сіз сияқты сатып алушы, ол да мейрамханасы үшін азық-түлік алады, тоқыма бұйымдарын, тазалау құралдарын сатып алады, оның арлығы қызметтің құнына әсер етеді. Өкінішке қарай, біз өзімізде ештеңе өндірмейміз, барлығын шетелден тасимыз немесе шетелдік компаниялармен жұмыс істейміз. Меніңше, өзімізде барлық тауар арзан болса кез келген қонақүй өз қызметі үшін алатын ақыны төмендетеді", – деп өз пікірімен бөлісті ҚҚМҚ президенті.

"Альянс Отель Менеджмент" басқарушы компаниясының бас директоры Вадим Прасов Ресейдің қонақүй бизнесінің алдында да баға мәселесі кедергі келтіріп тұрғанын айтты. Ол да қонақүйдің бағасы жоғары деп шағымдану дұрыс емес, себебі олар елге келетін туристер ағымына тәуелді, сондықтан олардың табысы тұрақсыз болып келетінін айтты. Яғни қонақүйлер табыс таппақ түгіл, кейде шығынын өтей алмайтын кездер болады. Жазғы маусымда сұраныс көп болады, сондықтан бұл мезгілде барлығы барынша көп табыс тапқысы келеді.

"Бұл көп табыс әкелетін бизнес деп айтуға болмас. Ешкім де қонақүйді толықтыруға тікелей ықпал ете алмайды, тек қана туристер қалай орналастынын күтуге тура келеді. Қазақстанда қонақүйлер Ресейдегі сияқты сұраныс пен ұсыныс деңгейінде тепе-теңдікті ұстап тұратынына күмәнім жоқ. Сіздердегі баға айтарлықтай тиімді. Сондықтан қонақүй бағасы неге қымбат деп сұраған кезде: "Сіз қандай қаламен немесе елмен салыстырып  отырсыз?" деп сұрағың келеді. Егер Оңтүстік-Шығыс Азия туралы айтар болсақ, оларда азық-түліктен бастап, түрлі опа-далапқа дейін арзан екенін естеріңізден шығармаңыздар", – деді ол.

Тұрақтылық – өсім емес!

Қонақүйлер елге келген туристер санына тәуелді екенін статистика да дәлелдейді. ҚҚМҚ мәліметі бойынша, бүгінде бұл сан тым төмен. 2014 жылы республика бойынша қонақүйлердің толтырылуы 28,6% деңгейінде болса, 2015 жылы 26,4%-ға дейін төмендеп кетті. Бұл сан әлі өзгеріссіз қалып отыр дейді қауымдастықтағылар.

"Мұндай деңгей қай-қайсымызды болсын таң қалдырады. Жалпы барлық деңгейден төмен тұрғандар қалай өмір сүретіні түсініксіз", – деген сауал туды салалық қауымдастыө президентінде.

ҚҚМҚ мәліметтеріне сүйенсек, туристер көбінде Астана мен Алматы қалаларына тоқтайды. Егер оңтүстік астанада бұл деңгей 48%-ға  жетсе, ресми астанада 29,6%-ды құраған болса, бүгінгі күні жағдай өзгерген және алматылық қонақүйлер қонақтарының біразынан айрылып қалды.

Мұндай мардымсыз көрсеткішке қарамастан, Қазақстанның қонақүй нарығына инвесторлар қызығушылық танытып отырғанын айтты Рашида Шайкенова. Оның айтуынша, қарыштап дамып келе жатқан мұнай-газ саласы жақсы қаржылық мүмкіндіктер тудырып отырғандықтан, Қазақстан кәсіпкерлерінің басым бөлігі туристік инфрақұрылымға қаражат салуды жөн көреді.

"Бір жағынан 26% төмен көрсеткішті иеленіп отырсақ та, Астана қонақүй нөмірлерін толтырып жатқанын, ал алматылық қонақүйлер күнін көріп отырғанын, сондай-ақ жаңа қонақүйлер ашылып жатқанын байқаймыз. Одан бөлек, біз бүгінде халықаралық қонақүй желілері үшін болашағы бар нарық болып көрінеміз, себебі олар құр-бос мұнда келмейді. Бәсекелестік дамып келеді. Біз қонақүйіміздің толтырылмауын мемлекеттен көріп, шағымдана бермей бұл үлкен жұмысты өз мойнымызға алуымыз керек деп ойлаймын", –деп пікірімен бөлісті ол.

Вадим Прасов та әріптесінің сөзін толықтырды:

"Бұл нарықтағылар өз қонақүйінің мейманға толуын күтіп, қарап отырмайды, қонақүйлер уақыт өте келе иесін ауыстырып отырады. Құрама Штаттарда қонақүй үш-төрт жылда иесін ауыстырып отырады, олардың әрқайсысы сол үш-төрт жылда барынша көп табыс табуға тырысады. Бірақ бұл тұрақты үрдіс емес, кез келген экономиканың басында дағдарыс орнауы мүмкін және сен оған түспейсің деп ешкім кепіл бола алмайды", – деді ол.

Хостел – қымбат қонақүйдің арзан баламасы!

Қонақүйлер саны көбейген сайын, хостелдердің саны да артып келеді. Бұл сектор – қонақүйге күшті бәсекелес бола алады деп есептейді ҚҚМҚ президенті. Қауымдастықтың мәліметінше, Астана мен Алматының өзінде бүгін мұндай 90 нысан бар. Ал Қазақстан 54 елге визасыз тәртіп орнатқанын ескерсек, олардан келетін бюджеттік туристердің арқасында олар адамның аздығына шағымдана алмайды.

"Бізге экотуристер жиі келетін болды. Олар туристік фирмаларға бармайды, біздің экотуризм жөніндегі ақпараттық-ресурстық орталығымыздың көмегіне жүгінеді, себебі олар екі аяғына сеніп саяхат жасай береді. Міне солардың арқасында жалпы Қазақстан бойынша, әсіресе Алматы мен Оңтүстік Қазақстандағы қонақ күтетін үйлердің жұмысы жақсы жүріп жатыр. Сондықтан біз бүгін ел бойынша қонақ күтетін үйлердің картасын әзірлеп жатырмыз", – деді Рашида Шайкенова.

Ресейлік нарықтың өкілі Владимир Прасов болса Ресей мен Қазақстанның хостелдерін дәстүрлі жайлы қонақүйлерге бәсекелес бола алмайды деп есептейді. Бұл әр түрлі клиентке арналған сегменттер. Алайда, оның айтуынша, көп нәрсе оның форматына байланысты. Мысалға, еуропалық хостелдер бес-алты адамға емес, екі-үші кісіге арналып салынады, оларда барлық жағдай жасалған, ал жастарға және қарым-қатынас жасауды жақсы көретін белгілі бір саяхатшылар сегментіне бағытталған хостелдер қонақүйге бәсекелес бола алмайды.

Тіпті хостелдердің басым бөлігі жұмыс істеп бастамай тұрып, жабылық қалады деген ойда Вадим Прасов.

"Оған салынатын қаражат аз болғандықтан, нарықта осы тектес нысандар саны көптеп пайда болады. Бірақ біраз уақыттан соң, кәсібилік мен технологиялар дамыған сайын, олардың бір бөлігі қызметін өзгертеді немесе жабылуға мәжбүр болады. Бірен сараны ғана орнын сақтап қала алады.  Әйтеуір бізде солай болып жатыр.Сіздерде де солай болады деп ойлаймын", – деп сендірді сарапшы.

Алайда Қазақстандағы хостелдердің иелері онымен келіскен жоқ. "Жұлдызды" әріптестерін бағалайтынын, бірақ нарық үшін күресіп бағатынан, дәлірек айтсақ оның бір үлкен бөлігін иемденуге ниетті екенін білдірді.

"Хостелде кім тоқтайтынын қараңдаршы, бұл бюджеттік сегмент. Елде девальвация орын алғанда, барлығының бағасы өсіп кетті, ал еңбекақы әсіресе бюджеттік салада көтерілген жоқ. Бізде баласын елордада емдеуге келген мұғалімдер тұрады, қала ортасынан қонақүй немесе пәтер жалдауға олардың қалтасы шақ келмейді. Осындай бюджеттік қызмет түрінің болғанына қуанады. Бізде тек жататын орын ғана есем, тамақ әзірлеп алуға болатын асүй бар, кір жуып алуға болады, біз аз ақшаға бірнеше кызмет кешенін ұсынамыз. Бүгінде оларды жете бағаламай жүр, бірақ жақын болашақта олар қонақүйге күшті бәсекелес болатынына күмәнім жоқ. Біз нарықтың бір бөлігін өзіміз иемденіп аламыз. Қараңызшы екі жылдың ішінде 90 хостел ашылды, енді бір жылдан соң не болады деп ойлайсыз. Біз қонақүйлермен теңесеміз", – деп түсіндеді Super хостелдер желісінің директоры Әлішер Қапаш.

Әйгерім Сүлейменова, Алина Альбекова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу