Қазақстандық теннисші Ұлыбританияда өткен турнирдің чемпионы атанды

705

Турнирдің жүлде қоры 145 мың АҚШ долларын құрайды.

Қазақстандық теннисші Ұлыбританияда өткен турнирдің чемпионы атанды

Жұптық сайыс бойынша Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Недовесов Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен бірге Ұлыбританияда өткен Челленджердің чемпионы атанды. Александр мен Гонсало финалдық кездесуде Роберт Галлоуэй мен Джон Патрик Смит жұбын 2:6, 7:5, 11:9 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 31 минутқа созылды.

Недовесов үшін бұл биылғы маусымдағы үшінші финал. 18 маусымда Александр мен Эскобар Голландияда өткен ATP 250 сериясы турнирінің чемпионы атағы үшін күрессе, сәуірде португалдық Франсиско Кабралмен бірге қазақстандық теннисші Босния және Герцеговинадағы ATP 250 додасының шешуші кездесуінде жеңіліп қалды.

Әлемнің 48-ші ракеткасы, қазақстандық Александр Бублик Галледе (Германия) өткен ATP-500 санатындағы турнирдің жартылай финалында әлемнің 22-ракеткасы, неміс Александр Зверевті (ATP 9) 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 27 минутқа созылды. Финалдық кездесуде қазақстандық ресейлік Андрей Рублевпен (АТП 3) сынға түседі.

Кездесу аяқталған соң Александр матчқа қатысты өз пікірін білдірді.

"Жұмыс әлі аяқталған жоқ. Финалдық кездесу ғана қалды. Мен өте бақыттымын. Финалда барымды салуға тырысамын. Мен бұл кездесуде өз ойынымды көрсетуге тырыстым. Сондықтан бүгінгі жеңіске өте қуаныштымын. Александр Зверевпен ойнау әрқашан өте қиын. Бірнеше маңызды сәттерде жолым болды. Саша сияқты үздік ойыншылармен кездескенде, жан-жақты дайын болу керек", - деді матчтан кейін Александр Бублик.

Айта кетейік, Бублик спорттық мансабында алғаш рет АТР  500 турнирінің финалына шықты.  Галледегегі финалдық матч 25-маусымға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу