Қазақстандық теннисшілер үшін Ролан Гаррос турнирі аяқталды

690

Франция ашық чемпионатына қатысқан қазақстандық теннисшілер 3-айналымнан әрі аса алмады.

Қазақстандық теннисшілер үшін Ролан Гаррос турнирі аяқталды

Анна Данилина мен Александр Недовесов Ролан Гаррос турнирінде жарыс жолынан шығып қалды. Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Данилина мажарстандық Тимея Бабошпен бірге екінші айналымда тайбэйліктер Латиша Чань — Хао-Чин Чаньмен кездесті.

Қазақстандық-мажарстандық жұп бір сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта 6:7 (3:7), 3:6 есебімен жеңіліс тапты. Недовесов мексикалық Мигель Анхель Рейес-Вареламен бірге ширек финалға шыға алмады. Олар үшінші айналымда доданың 1-ракеткалары, нидерландылық Уэсли Колхоф – ұлыбританиялық Нил Скупскиге жол берді – 5:7, 4:6. Бұл бәсеке сағат жарымға жуық уақытқа созылды. 

Еліміздің бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен ойнауы керек еді. Алайда Еленаның дене қызуы көтеріліп, өзін жайсыз сезінгендіктен кездесуден бас тартты.

Сонымен қатар Александр Бублик Ролан Гарростың ерлер арасындағы жекелей сында бірінші айналымда қарсыласына есе жіберді. ATP рейтингінде 51-орында тұрған Бубликтің қарсыласы италиялық Джулио Дзеппьери (әлемнің 129-шы ракеткасы) болды. Бірінші сетте қазақстандық жеңіліске тапты - 0:6. Дегенмен Бублик екінші және үшінші сетті бірдей есеппен жеңіп шықты – 6:4. Бірақ төртінші сет италиялықтың еншісінде қалды – 3:6. Бесінші сетте Дзеппьери 7:5 есебімен жеңіске жетіп, екінші айналыға өтті. Ойын үш сағат 17 минутқа созылды. Ал Бублик үшін Франция ашық чемпионаты аяқталды.

Юлия Путинцева (58 WTA) Францияның ашық чемпионатындағы өнерін аяқтап, үш сетте әлемнің 30-шы ракеткасы, US Open 2017 чемпионы және Ролан Гаррос 2018 финалисті америкалық Слоан Стивенстен 3:6, 6:3, 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Үшінші шешуші сеттің басында алған жарақаты Юлияға ойында кедергі болды. Теннисшілер кортта 2 сағат 20 минут уақыт өткізді. Осы уақыт ішінде Путинцева 17-ден бес брейк-пункті айналдырды. Осылайша, Франция ашық чемпионатында Қазақстаннан ешкім қалмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу