Қазақстанға кім бренд-амбассадор бола алады

11371

TravelMediaTalks халықаралық форумында туристік брендтің тұжырымдамасы таныстырылды.

Қазақстанға кім бренд-амбассадор бола алады

Kazakh Tourism ҰК АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев аталмыш құжат үкімет мүшелерінің талқысынан өткенін айтты.

"Қазақстанның  туристік брендін танытып, маркетингке қатысты жұмысты жетілдіру үшін турбизнесті дамыту сондай-ақ бұл іске медиаиндустрияны жұмылдыру қажет. Біздіңше турагенттер, журналистер, әлеуметтік желінің белсенді қолданушылары Қазақстанның бренд-амбассадоры бола алады. Оларға Қазақтан туралы қызықты ақпаратпен бөлісу қиындық туғызбайды деп ойлаймын", – деді басқарма төрағасы.

Таныстырылған туристік брендке #Explorestan Kazakhstan деп ат қойылыпты. Осы турасында халықаралық журналист, жобаның шығармашылық продюсері Риз Хан: "Батыста "стан" жұрнағына негативті көзқарас қалыптасқан. Сондықтан атауында осындай жұрнағы бар мемлекеттер түрлі кедергілермен бетпе-бет келіп жатады. Бәзбіреулер "стан" дегенді алып тастау қажеттігін айтады. Неге біз оны алып тастауымыз керек? Батыс бұл жұрнақты теріс қабылдаса, біз оны өз өз пайдамызға қарай өзгертіп, икемдей аламыз ғой. Осыны іс жүзінде дәлелдеу үшін Қазақстанның туристік брендін #Explorestan Kazakhstan деп атадық", – деді.

Басқосу барысында Ұлыбритания, Ресей, Украина, Белоруссия және Қырғызстаннан келген туризм және медиа саласының сарапшылар пікір білдіріп, ой бөлісті. Олар заманауи туристердің бейнесі қандай, Қазақстанның туризмін дамытуға не кедергі болып тұр, неліктен сторителлинг, контент-маркетинг және ивент-менеджмент туристік маркетингтің ең тиімді құралы болып саналады деген сұрақтарға жауап береді.

"Таяу болашақта Қазақстанда бәсекеге қабілетті туристік орта қалыптасады. Бүгінгі форумның нәтижесі көп күттірмейтініне сенімдіміз", – деді жиында мениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу