Қазақстанның сыртқы "алыпсатарлық" сауда көлемі 3,5%-ға өскен

Камила Абдиева Камила Абдиева
2411

Жеке тұлғалардың тіркелмеген сауда операциялары бойынша экспорт үштен бірге өсіп, ал импорт төмендеуде. 

Қазақстанның сыртқы "алыпсатарлық" сауда көлемі 3,5%-ға өскен

Жеке тұлғалардың тіркелмеген сауда операциялары бойынша экспорт үштен бірге өсіп, ал импорт төмендеуде.
Ресми статистика бойынша жеке тұлғалардың тіркелмеген сауда операциясы деп танылатын сыртқы "алыпсатарлық" сауда айналымы 2017 жылы 3,5%-ға немесе 161,5 млн, 4,84 млрд долларға дейін өскен. Мұндай операциялардың сыртқы ресми саудадағы үлесі 6,2%-ды құрады. Бұл бағалау Ұлттық банктің төлем балансының жылдық мониторингінде көрсетілген.

Әдеттегідей мұндай сыртқы сауда операциялары бойынша сальдо жетіспейді, яғни елге әкелінген тауардың көлемі шығарылған тауар көлемінен асып кетіп отыр. Алайда 2017 жылы тапшылық 10%-ға немесе 300 млн-ға, 2,72 млрд долларға дейін қысқарды.

Егер тоқсан сайынғы динамиканы қарайтын болсақ, тапшылық жыл бойына төмендеген. Бұл ретте Қазақстаннан "алыпсатарлық" экспорты жыл қорытындысы бойынша 27,9%-ға немесе 231 млн, 1,06 млрд долларға дейін өскен, ал импорт болса, керісінше, 1,8%-ға немесе 70 млн, 3,78 млрд долларға дейін қысқарған.

Жеке тұлғалардың нетто-негіздегі жеке трансферттер көлемі елден кеткен қаражат ағыны 23%-ға немесе 250 млн, 1,3 млрд долларға дейін өскенін көрсетеді. Бұл соңғы бес жылда болмаған жағдай. Өсім болған Қытайдан басқа барлық негізгі алушы-елдер бойынша байқалып отыр. Қытайға аударымдар 27% немесе 24 млн, 65,2 млн долларға дейін төмендеген.

Қазақстандағы жеке тұлғалардың Ресейге (18,6%-ға немесе 102,9 млн, 655 млн долларға), Қырғызстанға (2 есе, 98,7 млн долларға дейін), Өзбекстанға (1,5 есе, 154 млн долларға дейін) және Түркияға (+12,5%, 125,2 млн долларға дейін) жасаған қайтарымсыз аударымдары өскен. Шетелден алынған түсімдердің көлемі 80 млн-ға, 35 млн долларға дейін ұлғайған. Мұндай қаражаттың үлкен бөлігі, нақтырақ айтар болсақ, 56%-ы Ресей мен Оңтүстік Кореядан түскен.

Қазақстаннан аударылған жиынтық қаражат былтыр 23%-ға,1,33 млрд долларға дейін, ал шетелден түскен аударымдар 29,3%-ға, 351,1 млн долларға дейін өскен Ақшалай қаражаттың таза жылыстауының артуы Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың табысының 7,8%-ға өсуімен байланысты болуы мүмкін, деп көрсетілген реттеушінің есебінде.

"Қазақстандық кәсіпорындарға тартылған резидент еместердің есептелген еңбек ақысы 1,9%-ға, 680 млн долларға дейін артқан. ТМД елдерінен келген заңсыз жұмыс істейтін босқындардың еңбек ақысы шамамен 729 млн доллар болған", – деп жазылған Ұлттық банктің түсініктемесінде.

Айта кетерлігі, 2017 жылы өткен "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрме, монетарлық биліктің бағалауынша, шетелдік азаматтардың Қазақстанға табан тіреуінен резиденттер табысының 15%-ға немесе 232 млн, 1,78 млн долларға дейін өсірген. Төлем балансында бұл шығыстар туризммен байланысты қызмет көрсету экспорты деп көрсетіліп отыр.

Гүлназ Ермағанбетова, Камила Абдиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу