Қазанда бағамды кім дөп басты

Сара Бухина Сара Бухина
3511

Abctv.kz назарларыңызға қазан айында теңгенің доллар мен Ресей рубліне шаққандағы бағамының дәлдігіне жасалған валюта болжамына шолу ұсынады.

Қазанда бағамды кім дөп басты

Ойыншылар қазан айында валюта нарығындағы девальвациялық долбарлардың жоққа шыққанына куә болды. Демек, ол барлық сарапшының айдың ортасында теңгенің одан арғы әлсіреуіне байланысты жасаған болжамдарының жаңсақ шыққанын көрсетеді. Бұл ұлттық валюта төңірегіндегі болжамдарды бюджеттік тұспалдан сәл-пәл төмен деңгейде тұрақтандыру үшін түзетуге алып келді

Теңгеге деген сенімділікті арттыруға шикізат бағасының, ең алдымен мұнай бағасының өсуі оң әсер етті. Долларға қатысты бағамын нығайта түскен рубль де ұлттық валютаға айтарлықтай қолдау болды.

Жалпы мұнай бағасы жоғары бола тұра, теңге неліктен доллар мен рубльге қатысты бағамын жақсарата алмады деген мәселеде әлі де болса нақтылық жоқ. Еске ала кетейік, қыркүйек айында Ұлттық банк өз шоттарындағы салымдар көлемінің артқанын, оның триллион теңгеге тең болғанын мәлімдеген болатын. Мұндай көлемдегі өтімділіктің түп-төркіні қайда жатқаны әлі күнге белгісіз. Бұл ауытқудың кілті Қазкоммерцбанкті сақтауға арналған көп жақты келісімнің жабылуына байланысты болуы да мүмкін.

Десе де мына бір нұсқаны да қаперден шығаруға болмайды: сыртқы сауда статистикасы да бағамға әсер етті. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында теңгенің әлсіздігі Ресей тарапынан артқан импорттан көрініс тапты. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қазақстандық импорттағы оның үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 36,8%-дан қазірдің өзінде-ақ асып түсті – 41,5%.

Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың консенсус-болжамы нақты дерек нәтижесіне және нарық трендіне жақын болжамды көрсетті. Әдеттегідей, үздік болжам жасаған сарапшыны анықтау үшін біз Ұлттық банктің теңгенің доллар мен рубльге қатысты орташа апталық ресми бағамына сүйендік. Көптеген сарапшы валюталық көрсеткішті беретіндіктен, біз орташа арифметикалық мәнді анықтап, оны консенсус-болжаммен және аптаның нақты бағамымен салыстырдық.

Мұндай тәсіл әрдайым шынайы дәлдікті көрсете бермейді, сондықтан abctv.kz сарапшылармен қатар оқырмандардың ұсыныстарына құлақ асады. Аbctv.kz осы болжамдарды жариялау арқылы тек ақпар беруді басшылыққа алады. Біздің мақсат соңғы сатыдағы ақиқатқа жету емес.

Субъективті пайымдауларды кейінге шегеріп қойып, сіздердің назарларыңызға  теңге/доллар және теңге/рубль валюта жұбына арналған екі диаграманы ұсынып отырмыз. Толық танысып шығу үшін  abctv.kz-тің нақты бағаммен салыстырмалы түрде берген барлық болжамдар кестесін көруге болады.

Еркебұлан Қыздарбек, Сара Бухина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу