RU KZ
TV
RU KZ
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33 KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-1Астана
-2.23Алматы
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38
Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33
KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
KazWay жолда қалдырмайды

KazWay жолда қалдырмайды

​Ал RFID белгісімен ақы төлейтін аймақта аялдамайсыз.

KazWay жолда қалдырмайды, цифрландыру, KazWay, RFID, Рустам Исаев

7884 25 Тамыз 2018 14:46 Автор: Фархат Әміренов

Цифрландыру бағытында еліміздің көлік саласында 6 ірі жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі – KazWay мобильді қосымшасы. Ол анықтама қызметін атқарады.

«Қосымшада республикалық жолдардың бойында орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпараттар қамтылған. KazWay жолаушыға бағыт-бағдар беріп отырады. Мәселен, тамақ ішкіңіз келсе, қосымша арқылы жақын маңда қандай дәмханалар барын білуге болады. Сол секілді медициналық көмек қажет болған жағдайда қосымшаның қызметіне жүгінуге мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, көлігіңіз бұзылып қалса, KazWay арқылы эвакуатор шақыруға болады. Сонымен қатар жол бойындағы елдімекендер туралы ақпараттар да енгізілген. Қосымшаның көмегімен қонақ үй, автотұрақ, жанар-жағармай құю стансасын, техникалық қызмет көрсету орталықтарын қиналмай-ақ табасыз. Қосымша жолаушылардың жұмысын жеңілдетеді әрі сапарды барынша жайлы етеді», – дейді «Қазавтожол» ұлттық компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Рустам Исаев.

Оның айтуынша, қосымша алдағы уақытта жетілдірілмек. Атап айтқанда, KazWay-ды туристік анықтамалыққа айналдыру жағы қарастырылуда. Яғни, қосымша арқылы туристік орындарға ешқандай қиындықсыз жетуге болады. Осылайша, KazWay ішкі туризмді дамытуға азды-көпті үлесін қоспақ.

Айтпақшы, мобильді қосымшаны iOS платформасы арқылы жүктеп алуға болады. Ал қыркүйек айында қосымшаның Android нұсқасы іске қосылады. Тағы бір атап өтерлігі, оны оффлайн режимде, яғни интернет байланысынсыз-ақ пайдалана беруге болады. Жалпы, KazWay-да 1 800-ге жуық жол бойындағы нысан қамтылған.  

«Елімізде жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын цифрландыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Былтыр жол бойындағы нысандарды түгендедік. Соның нәтижесінде 200-ден астам нысан Google Maps және «Яндекс Карты» жобаларына енді. Сондай-ақ республикалық маңызы бар жолдардың бойындағы қызмет көрсету нысандары IRU автомобиль көлігі халықаралық одағының Transpark картасына енгізілді», – дейді Рустам Исаев.

Жолаушылардың жұмысын жеңілдетіп, уақытын үнемдейтін тағы бір жоба бар. Ол – көліктерге RFID белгісін орнату. Бұл белгі жолда төлем жасаудағы кедергілерді мейлінше азайтуға бағытталған.

«RFID – көліктің алдынғы әйнегіне жапсырылатын белгі. Оның көмегімен ақылы жолдардағы төлем жасайтын аймаққа келгенде көлік кідірмей өтіп кете алады. Мәселен, қазір төлем жасау аймағына тоқтаған көліктің нөмірін анықтау үшін бірнеше секунд керек. Ал бұл белгі арқылы арнайы құрылғылар сағатына 200 шақырым жылдамдықпен келе жатқан көліктің нөмірін еш қиындықсыз анықтайды. Бұдан бөлек, жүргізушілер ақылы жолдарда төлем жасағанда тағы да 30 секундттай кідіреді. Ал RFID белгісі арқылы төлем жасайтын орынға тоқтаудың да қажеті жоқ. Өйткені, әрбір белгінің дербес шоты бар. Дербес шотқа алдын ала ақша лақтырып қоюға болады. Төлем жасау аймағындағы құрылғы дербес шоттан ақшаны автоматты түрде алады. Осылайша, RFID белгісінің көмегімен жолаушылар шамамен 40 секундты үнемдейді. Яғни, уақыт бірден 20-30 есе қысқарады. Тиісінше, ақы төлеу аймағында ұзын соңар кезек де қалыптаспайды. Жалпы, бұл белгіні басқа да мақсаттарға пайдалануға болады», – дейді Рустам Исаев.

Қазіргі уақытта Алматы-Қорғас, Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай жолдарының учаскелеріне ақы төлеу жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол қыркүйек айында тесттік режимде іске қосылады деген жоспар бар. Аталған учаскелердегі ақы төлеу жүйесі толық іске қосылған соң RFID белгілері таратыла бастайды. Белгі ең алдымен жол бойындағы елді мекендердің тұрғындарына берілмек. Ал RFID белгісіндегі дербес шотты 17 түрлі әдіспен толтыруға мүмкіндік бар. Белгінің бағасы 1 доллардан аспайды.    

Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дәурен Сәбитовтың сөзінше, жыл соңына дейін елімізде ақылы жолдармен бірге 12 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары іске қосылады. Ал жол активтерін басқару жүйесі 2020 жылға дейін жалпы ұзақтығы 24,1 мың шақырымды құрайтын республикалық жолдар торабын толықтай қамтитын болады. Бұдан бөлек, алдағы уақытта ұзақтығы 72,8 шақырым болатын жергілікті жолдар да қамтылады деген жоспар бар. Қазіргі уақытта жол активтерін басқару жүйесі ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан аттестациядан өткізілуде.

«Жыл соңына дейін ауыр жүк, ірі габаритті және қауіпті жүктер тасымалын мониторингілеу қызметін тасымалдаушылардың жылжымалы құрамының жүйесіне қосу жоспарлануда. Цифрландырудың тағы бір элементі – халықаралық және облысаралық жолаушылар көлігін диспетчерлеу жүйесі. Ол ақпараттандыру сервистік моделінің механизмі бойынша жұмыс істейді. Қазір «автомобиль көлігімен тасымалдауды, багажды бақылау және мониторингілеу» сервисін жасау жобасы талқылануда», – дейді Дәурен Сәбитов.

Фархат Әміренов

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK