KEGOC электр тарату желісін оңтүстікке тартып жатыр

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
3311

Өскемен-Алма жобасы барысында 500 кВт желінің 414 шақырымы салынды.

KEGOC  электр тарату желісін оңтүстікке тартып жатыр

500 кВт Өскемен -Ақтоғай- Талдықорған-Алма желісінің құрылысы 2018 жылы аяқталуы керек. Бұл жоба – KEGOC АҚ-ның өз қаражаты мен қарызға алынған ақшасы есебінен іске асып жатқан 500 кВ Екібастұз  МАЭС– Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісі жобасының жалғасы.

"KEGOC компаниясы өз қаражаты есебінен 500 кВ Екібастұз  МАЭС– Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісінің құрылысын одан әрі Өскемен-Ақтоғай- Талдықорған-Алма желісі ретінде салып жатыр. Бірінші кезең былтыр индустриаландыру күні мемлекет басшысының қатысумен іске қосылған болатын. Қазір екінші кезеңнің құрылысы жүріп жатыр, оның 414 шақырымы салынып бітті. Жоба толық қаржыландырылған, оның ішінде KEGOC облигацияларымен зейнетақы қорының ақшасы тартылған", – деді "Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" АҚ басқарамасының төрағасы 25 шілде күні өткен үкімет отырысында.

Мемлекеттік холдинг KEGOC компаниясының 90% акциясына және тағы бір қарапайым акциясына ие. Қалған 10% акция және минус бір акция 2014 жылы "халықтық IPO"-ға орналастырылған. Дәл қазіргі уақытта KEGOC компаниясының акциялары 25 шілде күні ашылатын қазақстандық қор биржасы саудасында бір акция үшін 1331,21-1338,4 теңге  шамасында бағаланып отыр. Маркет-мейкер ретінде үш компания – "Фридом Финанс"АҚ,  "ЦентрКредит Банк" АҚ-тың еншілесі – BCC Invest АҚ және "Цесна Капитал" АҚ түсіп отыр.

"БЖЗҚ" АҚ сайтында 2017 жылдың 1 шілдесінде зейнетақы қоры KEGOC компаниясының жалпы номиналдық сомасы 47,5 млрд теңге болатын облигацияларына немесе 2013 жылдың 26 мамырында төленіп бітуі тиіс БЖЗҚ-ның жалпы инвестициялық қоржынының 0,71%-на ие деп көрсетілген. Облигациялар теңгеде шығарылған.

"500 кВ Екібастұз  МАЭС– Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу" жобасының негізгі мақсаты – Солтүстік-Шығыс" бағы­тындағы желілердің өткізу қабілетін ар­т­тыру, Шығыс Қазақ­стан облысындағы электр энергиясы тапшылығын өңірдегі Ресейдің бір­тұтас электр желілері арқылы өтетін энер­гия жүйесімен қосатын қолданыстағы желілердің жай-күйіне қара­мастан орнын толтыруды қамтамасыз ету. Сондай-ақ контрреттеуші-Бұлақ ГЭС-ін енгізу арқылы Шүлбі ГЭС-нің толық қуатын беруді қамтамасыз ету. Жобаның құны ҚҚС есептегенде 53,3 млрд теңге. Жоба 2011-2017 жылдар аралығында іске асырылады.

Жоба 500 кВт Екібастұз-Семей жоғары кернеулі желі құрылысы (405,7 шақырым), 500 кВт Семей-Өскемен ЖЖ салуды (192,8 шақырым), 220 кВт Семей- ШГЭС ЖЖ құрылысын (78,9 шақырым),  500 кВ Семей ҚС 220кВ АТҚ-дағы 220 кВ 51 ҚС – 18 ҚС ӘЖ-ның (14,8 км) кірме-шықпаларын, 500 кВ Семей ҚС 220 кВ АТҚ-дағы 220кВ 18 ҚС – ШГЭС ӘЖ (12,6 км) кірме-шықпаларын салуды, 500 кВ Семей ҚС салу, 1150 кВ Екібастұз ҚС-дағы 500 кВ АТҚ-ны, 500 кВ Өскемен ҚС-дағы 500 Кв АТҚ-ны, 220 кВ Шүлбі ГЭС (ШГЭС) АТҚ-ны кеңейтуді қарастырады.

500кВт Шүлбі ГЭС - Ақтоғай-Талдықорған-Алма ЖЖ-ні салу – Қазақстанның "Солтүстік-Оңтүс­тік" бағытындағы ұлттық электр торабының транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге теміржолдардың элек­трлендірілетін учаскелерінің электр қуа­тына деген қажеттілігі мен тау-кен өнеркәсібі нысандарының энергиялық сыйым­дылығын қамтамасыз етуге және шекаралас аймақтар мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды.

Жоба 2012-2018 жылдары іске асырылады. Жобаның жалпы құны KEGOC сайтында ҚҚС есебімен алғанда 105,5 млрд теңге деп көрсетілген.

Жоба 500 кВт Семей-Ақтоғай (390 шақырым) желісін, 500 кВт Ақтоғай-Талдықорған (287,4 шақырым) желісін, 500 кВт Талдықорған-Алма (203,8 шақырым) желісін, 500 кВ Талдықорған ҚС 220 желісін (143,4 шақырым) кірме-шықпаларын салуды, 500 кВт Ақтоғай ҚС, 500 кВт Талдықорған ҚС салуды, 500 кВт Алма ҚС-ты, 500 кВт Семей ҚС кеңейтуді қарастырады. 

Команиядағылар қазіргі уақытта нысанның барлық учаскесінде құрылыс-монтаж жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты. 1404 іргетас қаланып, 859 темір тірек орнатылған. Сондай-ақ жаңа Талдықорған қосалқы станциясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу