Қордайлық омарташы жылына 4 мың тонна бал жинайды

716

Қордай ауданында омарта шаруашылығын дамытқан кәсіпкер Жанат Көрпебаев жылына 4 мың тонна бал жинап, табыс тауып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қордайлық омарташы жылына 4 мың тонна бал жинайды Фото: inbusiness.kz

Оның ендігі арманы – апитерапия сауықтыру кешенін ашу. Оған қажетті мүмкіндік, орта кәсіпкерде бар.

Кәсіпкер, аудандық омарташылар ассоциациясының төрағасы 20 жылдан астам уақыттан бері араларды селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізіп, оның санын 150 колоннияға жеткізген.

Бастапқыда қызығушылықпен кәсібін бірнеше ара ұясынан бастаған Жанат Көрпебаев бір ара ұясынан бір маусымда орта есеппен бір фляг бал алған соң, бұл істі мықтап қолға алу керегін түсініпті.

"Кемінде 100 ара ұясы болғанда ғана омарта өндірістік деп есептеледі. Осыған жеткен кезде ғана асылтұқымды шаруашылық статусын алуға болады", - дейді омарташы.

Кәсіпкер бүгінде омарталарынан жыл сайын 4 мың тоннадан астам өнім алып, шаруасын дөңгелетіп отыр. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы жанынан ұйымдастырылған омарта өсіру курстарында дәріс оқып тұрады.

"Омарта шаруашылығын ашамын дегендерге көмектесуге әрқашан дайынмын. Мол табыс алу үшін зоотехникалық жұмыстарды, құжаттаманы дұрыс жүргізуді, тұқымды аудандастыру жоспарларын орындауды да үйретемін", - деп түсіндірді Ж.Көрпебаев.

Табиғи таза балдың бағасы литріне 3 мың теңгеден басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу