Қымыздан жасалатын балмұздақ

41583

Павлодарлық қос студент жеке  кәсіп  ашуға 50 мың теңгеден сәл артық ақша мен екі жұма уақыттарын арнапты.  

Қымыздан жасалатын балмұздақ

Асхат Айтжанов пен Нұрғыза Қалимова  қымыздан балмұздақ жасаудың жаңа әдісін ойлап тапқан. Өнімдерінің құрамы өзгелерге ұқсамайтындығына сенімді. Қазіргі күні балмұздақтары көпшіліктің көңілінен шығып, тапсырыс болмаған күндері өте сирек. 

"Біз аптасына 20 литр  қымыз сатып алып,  одан  40 килограмм балмұздақ дайындаймыз. Әзірге патент болмағандықтан құрамын айта алмаймын. Өнертабысымызды растайтын құжатты күтудеміз. Өніміміздің химиялық қоспаларсыз  табиғи таза екендгіне кепілдік бере аламыз. Балмұздақ әзірлеу үшін тек Баянауылдық бие сүтін  пайданыламыз. Себебі, оңтүстік пен теріскей қымызындағы  айырмашылық айтарлықтай. Солтүстік өңірдікі әлдеқайда дәмдірек. Онымен қоса, Баянауыл да алыс емес. Тұрақты өз қымыз жеткізушіміздің қажетті сертификаттары бар" , -дейді Нұрғыз Калимова.

Балмұздақ  алты сағатта әзірленеді. Сондықтан тапсырысты бір тәулік бұрын берген қолайлы. Сонымен бірге жеткізіп беру қызметі де қарастырылған. Қышқылтым балмұздақтан бөлек, классикалық, айрықша делінетін түрлері шығарылады. Бүгінде тапсырыс көбейіп , классикалық балмұздақтың 200 миллилитрі  250 теңгеден , тәттілеуі  300 теңгеден сатылуда. 

 Мұндай істі қолға алулары кездейсоқтық емес. Нұрғиза  болашақ мал өсіруші технолог болса,  бизнес серіктесі Асхат  қаржыгер мамандығын игеруде. 

Өткен жылы Павлодар университетінде стартап-байқау өткізілген. Екеуі ұсынған жоба бірінші орынды жеңіп, 500 мың теңге грант иеленулері тиіс болған еді . Дегенмен, әлі күнге  қаржының қолдарына тиюін күтуде. Бұл қаражатқа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу жоспарлануда. Әйтседе, жас кәсіпкерлерге  университет бөлетін қаражат аздық етеді. Өйткені, жергілікті сауда орындарын айтпағанда Қазақстан нарықтан бөлек Қытайға да өнімдерін жөнелтуді жоспарлауда . Ол үшін үш миллион теңге керек.

Былтырғы жылы мамырда  С. Торайғыров атындағы университетте Business Days Pavlodar халықаралық форумы негізінде стартап-академия ашылған. Облыс инвесторларына 15 жоба таныстырылып, KoumIce аталатын қымыздан жасалатын десертті Mirel кондитерлік компаниясы қаржыландырмақшы болған. Бірақ, Нұрғыздың айтуынша әлдекім бұларды үлестерінің 40 пайызын инвесторға сатты деп ақпарат таратқан . 

"Бұл ақпарат жалған. Біз өз жеке серіктестігімізді құрғымыз келеді. Қажетті алған  үш миллион теңгені кейін қайтарар едік. Менің ойымша, инвестор табылып, ортақ тіл табысамыз деп үміттенеміз" , - дейді ол .

Келесі қыркүйек айында Павлодар мемлекеттік университетінің жеңімпаз командасы  Канаданың Торонто қаласында ұйымдастырылатын Enactus-2016 халықаралық форуымына қатыспақшы. Павлодарлық студенттер балмұздақтан басқа мейрамханалар мен дәмханалардан тапсырыс берілген тағамдарды жеткізуге арналған  "FoodGo" сайтын, шыны қалдықтарынан қайта өндеу мен құрылысқа қажетті кірпіш өндіру, кәдесый жасаумен бірге мүгедектерді қоғамға бейімдеп , биснес –бастамаларына көмек көрсететін жобаларын ала бармақшы . 

"Бұл жобалардың барлығы жүзеге асырылып, айтарлықтай табыстарға жетуде. Бүгінге дейін қазақстандықтар  жүлделі орындарды айтпағанда халықаралық Enactus кубогының лигасынан көрінбепті. Біздер үлкен дайындықпен баратындықтан, конкурстың жартылай финалына өтіп, жеңімпаз атанудан үміттіміз . Оған мүмкіндігіміз де жеткілікті" ,- дейді павлодарлық команданың капитаны Арнагүл Бүркіт .

Марина Попова, Павлодар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу