Қытай Қазақстан арқылы Иран мен Еуропаға жүк жеткізуді үдете түспек

2580

2017 жылдың соңына дейін Қазақстан арқылы алты жүк пойызы өтеді.  

Қытай Қазақстан арқылы Иран мен Еуропаға жүк жеткізуді үдете түспек

Қыркүйек айының соңында Қытайдан Қазақстан мен Түркіменстанды басып өтіп Иранға жеткен жүк пойызын күтіп алу салтанаты кезінде "Иран Ислам Республикасы темір жолы" көлік департаментінің директоры Эбрахим Мохаммади осылай деді, деп хабарлайды ирандық financialtribune.com.

"Иньчуань – Теһран жүк пойыздары жобасының бас директоры Лян Хуамен кездесуде Қытай 2017 жылдың соңына дейін ай сайын екі пойыз жіберетін болып деп шешілді", – деді Эбрахим Мохаммади.

Механикалық жабдық, қыш және хрусталь ыдыстар, сондай-ақ автокөлік керек-жарақтары тиелген 500 тонналық жүк пойызы 5 қыркүйек күні Нинся-Хуэйск автономдық ауданының Иньчуань қаласынан Иранға қарай жол тартты.

"Теміржол арқылы тасымал жасау теңіз арқылы тасымалдауға қарағанда 20 күнге аз уақытты алады, ал бұл біздің жеткізу шығындарымызды айтарлықтай төмендетеді", - дедіЛян Хуа.

Сондай-ақ кездесу барысында қытайлық делегация Теһран теміржол вокзалының жанында контейнерлік терминал салу жайлы ұсынысқа да қолдау білдірді. Қытайлық делегация осы бағдар бойынша жүк тасымалдауды ынталандыру үшін Қытай үкіметі кәсіпорынды теміржол тасымалы шығынына төлем жасаудан босататынын айтты. Кездесу кезінде тағы да қызу талқыланған тақырыптың бірі – ирандық тарапқа қытайлық пойыздың Ираннан Еуропаға шығуына жағдай жасауды ұсыну жайында болды.

Осы арада, Қытай Еуропамен байланыс жасау үшін Қазақстанның географиялық орналасуын жақсы пайдаланып отырғанын айтып кету керек.

29 қыркүйек күні жүк пойызы Үрімшіден Қытайдың солтүстік-батысына, Голландияның Роттердамына қарай бет алды. Осы бағытты бағдар еткен пойыз Қазақстанның "Қорғас" кеден бекетін басып өтіп, Ресей, Латвия арқылы жүреді. Жүк Латвияның астанасынан Роттердамға теңіз арқылы жеткізіледі. "Синьхуа" агенттігінің айтуынша, Үрімші – Роттердам пойызы бағытының іске қосылуы – Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығының нәтижесі.

30 қыркүйек күні Шаньси провинциясы мен Павлодар арасындағы алғашқы жүк теміржол рейсі бастау алды.

41 контейнерден тұратын жүк пойызы Тайюандағы "Чжундин" көлік паркінен 3705 шақырымдық жолға шыққан. Тайюан мен Павлодар арасындағы жүк теміржол рейстері жүкті жеткізудің мерзімін жеті күнге дейін қысқартады.

Сонымен қатар бұл Шаньси провинциясынан Орталық Азияға шыққан алғашқы жүк рейсі.

Дәл сол күні Қытай-Еуропа бағдары аясында Чэнду қаласынан 41 контейнер тиеген жүк пойызы Чехияның астанасы Праганы бетке алды. Бұл пойыз Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польшаны басып өтіп, Прагаға шамамен 13 күн ішінде жетеді.

Пойыз сычуандық "Чанхун" корпорациясының құны 5,08 млн доллар болатын электрондық жабдықтарын апарады.

Дәл қазіргі уақытта Чэнду қаласынан Еуропаға шығатын алты жүк  теміржол бағдары ашылған. Сондай-ақ Алматыға жүретін бір бағдар бар.

Гүлназ Ермағанбетова, Олег И. Гусев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу