RU KZ
TV
RU KZ
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33 KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-1Астана
-0.23Алматы
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38
Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33
KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Қытай Қазақстаннан арпа мен бидай импорттамақ

Қытай Қазақстаннан арпа мен бидай импорттамақ

Бейжің бидайды «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерден көбірек сатып алатын болды.

Қытай Қазақстаннан арпа мен бидай импорттамақ, Қытай, импорт, бидай, «Бір белдеу, бір жол»

2149 02 Желтоқсан 2018 12:46 Автор: Арыстан Рысбек

«Бір белдеу, бір жол» – Қытай президенті Си Цзиньпиннің төл жобасы. Оның мақсаты – осы елді теміржолдар, теңіз жолдары, автомагистральдар мен өзге де инфрақұрылымдық жобалар арқылы Оңтүстік-Шығыс Азиямен, Орталық Азиямен, Таяу Шығыспен, Еуропамен, Африка елдерімен байланыстыру, ежелгі Жібек жолын заманға сай етіп қайта жандандыру.

Қытай-АҚШ қатынасы биыл тарифтік дауларға байланысты мейлінші шиеленіскені белгілі. Сондықтан Қытай астықты бұрынғыдай алыстағы Америкадан тасымалдауды қысқартып, жаңа Жібек жолы бойындағы мемлекеттерден сатып алуды жоспарлап отыр. Осылайша, Қытай бидай импортын диверсификациялауға көшті.

«Сұраныс артып келе жатыр. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бойындағы елдердің ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттайтын потенциалы жоғары және ол мемлекеттерде Қытайдың тапсырысын ұтып алуға мүмкіндік зор», – деді Қытайдың Дамуды зерттеу орталығының Ауыл экономикасы департаментінің директоры Йэ Цзиньянь Гуанчжоуда өткен индустрия жөніндегі конференцияда. 

Бұл мәлімдеме Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда соғысынан әлемде соя дақылдары мен басқа да ауылшаруашылығы шикізатының саудасы кеміген шақта жасалып отыр.

Йэнің сөзінше, Қытай-АҚШ сауда соғысы ұзаққа созылатын болса, бұл тайталас кейбір өнімдерді импорттауға немесе экспорттауға кері әсер етпей қоймайды. Ал саудалық әлеуеті жоғары елдер Қытай нарығында үлкен үлеске ие болмақ.

Қытай Америкадан жетпей қалған өнімдердің орнын толтыру үшін биыл шілде айында Азияның Үндістан бастаған бес елінде өсірілген соя бұршақтары мен осы дақылдан жасалған өнімдерге қатысты тарифті алып тастады.

Зерттеулерге қарағанда, Қытайдың етке сұранысы 123 миллион тоннаға, бидайға сұранысы 750 миллион тоннаға жетуі мүмкін. Бірақ Йэ Бейжіңнің бұл межені қашан бағындыратынын айтқан жоқ. Оның сөзінше, Қытай шетелден импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерін елге кіргізу үшін өзінің оңтүстік-шығыс және Янцзы өзені жағалауларындағы порттарын пайдаланады.

Қарашаның 23-де мәлім болғандай, Қытай Қазақстаннан арпа мен бидай импорттауды мақұлдады. «Рейтердің» хабарлауынша, бұл да – астық тасымалдау жолдарын әртараптандыруға бағытталан шараның бір бөлігі. 

Бейжің бұл шешімді Аустралиядан әкелінетін арпаға қатысты антидемпингтік тергеуді бастаған шақта қабылдаған. Айта кетсек, кейінгі кездері Қытай мен Аустралияның қатынасы біршама нашарлап кетті.

Қазақстан арпасы мен бидайын импорттау туралы келісімге Қытай премьері Ли Кэцян мен Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев өткен аптаның ортасында қол қойды. 

Қытайдың Кеден жөніндегі бас әкімшілігінің мәлімдеуінше, Қазақстаннан сатып алынатын арпа мен бидай энергетикалық секторға, спирт жасауға және азыққа пайдаланылады.

«Қазақстанмен жасалған келісімнің саудаға әсері соншалықты үлкен емес. Ал Аустралиямен арадағы қатынас бұрынғыдай болмағандықтан, Қытайға келетін астық көлемі азаяды», – дейді жергілікті трейдерлердің бірі «Рейтерге» берген сұқбатында.

Қытай кеденшілерінің мәліметінше, Аустралия 2017 жылы Қытайға 1,5 миллиард долларға 6,48 миллион тонна арпа экспорттаған. Яғни, Бейжің өткен жылы импорттық арпаның төрттен үш бөлігін дәл осы «Жасыл құрлықтан» сатып алған.

Арыстан Рысбек

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK